АРПА ЕГІСІНДЕ АРАМШӨПТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1092
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Батыс Қазақстанның ауылшаруашылығы дақылдарының егістерінде жылдан жылға зиянды арамшөптердің саны артып келеді: жатаған бидайық, егіс қалуені, кәдімгі қарасұлы, мысық құйрық және т.б. Агрофитоценоздардың фитосанитарлық жағдайының нашарлауына әкелген себептердің жиынтығына тыңайған жерлер алқаптарының ұлғаюы, егіс алқаптарының ғылыми негізделген құрылымынан ауытқуы және соның салдарынан ауыспалы егістердің сақталмауы жатады.Егістіктердің қазіргі фитосанитарлық жағдайын, экстенсивті егіншілікті ескере отырып, арамшөптердің зақымдану шегін төмендету үшін әртүрлі химиялық әдістерді уақытылы қолдану қажет болады.Химиялық заттарды пайдалану экономикалық тиімділікпен реттеледі, бұл оларды пайдалануды шектейді, бірақ сонымен бірге жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, өңдеудің жоғары энергетикалық әдістерін қолдану азайтады.Арамшөптермен күресуде агротехникалық және химиялық құралдарының ресурс үнемдейтін технологияларындағы ұтымды комбинациясы ол топырақты өңдеудің минималды әдістерімен тиімді күресуді қамтамасыз етеді.Жаздық дәнді дақылдардың егістіктерінде арамшөп өсімдіктері өнімділікті 20% немесе одан да көп төмендетеді. Осыған байланысты арпа дақылдарының егістіктерінде арамшөптермен күресудің тиімді химиялық құралдарын қолдану кезек күттірмейтін халық шаруашылығының негізгі міндеті болып табылады.Бүгінгі таңда дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптермен күресудің химиялық әдісі, сөзсіз, экономикалық жағынан тиімді әдістердің бірі болып табылады.