Abstract
ХАФИЗ ӘД-ДИН ӘЛ-КЕРДЕРИ ӘЛ-БАЗАЗИ ЖӘНЕ ОНЫҢ «ӘЛ-ФАТАУАЛ-БАЗЗАЗИЯ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҒИБАДАТҚА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ РАЦИОНАЛИСТІК МӘНІМақалада Хафиз әд-дин Мұхаммед бин Мұхаммед бин Шиһаб бин Юсуф әл-Кердери әл-Хорезми әл-Баззазидің өмірі, ол өмір сүрген дәуірдегі саяси-діни ахуал, Алтын Орда мемлекетінің құлдырауының саяси себептері, ғалымның Алтын Ордадан тұрақ таба алмай Осман мемлекетіне қоныс аударып, ондағы ғұламалармен пікірталас өткізуі, оның «Әл-Фатауал-Баззазия» еңбегінің фиқһ іліміндегі орны мен рөлі сараланады.Сондай-ақ, Бәззазидің «Әл-Фатауал-Баззазия» еңбегіндегі ғибадат мәселелеріне қатысты ойлау қабілеті, талдаушылық қасиеті, ол берген діни үкімдердегі рационалистік пайымдаулар, айталық тазалық (дәрет), намаз, ораза, ұшыр, зекет, қажылық және мемлекет қазынасы мәселелерін талдаудағы ақылға мән берушілік сипаттары сөз болады.Бәззазидің фиқһ көзқарастарын талдау барысында Әбу Ханифа мәзһабының өзге