Political and religious struggle of Islamic scholar Mubashir At-Tarazi in Egypt during 1950s of the XX century

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejrs.2022.v30.i2.r4
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әбу Насыр Мүбашшир ат-Тарази (1896 - 1977) Кеңес үкіметінің Әулиеатада (қазіргі Тараз) дінге қарсы күресіне қарсы тұрды, 1930 жылы қуғын-сүргіннен аман қалу үшін амалсыз шет елге қоныс аударады. Ауғаныстанда, Мысырда эмиграттардың Түркістан азаттығы жолындағы қозғалысының жетекшісіне айналды. Ол дін оқымыстысы, саяси қайраткер, түрік, араб және парсы тілдерінде еркін жазған қаламы жүйрік көсемсөзші-қаламгер, жалынды ақын болды. Тәуелсіздік жолында жан аямай күресіп өткен осы бір аса көрнекті тұлғаның өмір жолы, көзқарасы, еңбектері елімізде әлі де беймәлім, ескерусіз күйде қалуда. Мақаланың міндеті - ғұламаның ХХ ғасырдың 50 жылдары Мысырдағы атқарған белсенді саяси-діни күрескерлігі мен қоғамдық жұмыстарын мысалдармен дәйектеп көрсету. Мақаланы жазу барысында ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағат қорына өткізілген оқымыстының жеке қорындағы материалдар басшылыққа алынды. Ат-Таразидің саяси-идеалық көзқарасы, ұстанымы, көтерген мәселелері, түрлі жұмыстары сол кездегі геосаяси жағдаймен, үдерістермен байланыста тарихи және жүйелеу әдіс-тәсілдері қолданыла сараланады. Мақаланың құндылығы - Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің саяси-діни қайраткерлігі нақтылы мол мәлімет, тың мағлұматтар негізінде сарапқа салынып, зерделенуінде. Мақала нәтижелерінің практикалық маңыздылығы сонда келтірілген сонғы деректер Қазақстан егемендігі үшін күрестегі мұсылманшылық қозғалыс өкілдері мен эмигрант қайраткерлердің орнын, діни тұлғаларының саяси көзқарастарын, еліміздегі ислами инситуттардың даму жолдарын зерттеуге септеспек.