ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫНДАҒЫ АҚ ҰНТАҚ АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫ, ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ

2021

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2021/12
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Түркістан облысы жағдайында жеміс ағаштарының ақ ұнтақ ауруы қоздырғышының биологиялық ерекшеліктері, аурудың таралуы мен дамуы зерттелді. Ауруға қарсы фунгицидтер қолданылып, олардың биологиялық тиімділіктері туралы мəліметтер келтірілді. Түркістан облысының негізгі жеміс аймақтарының – Темірлан, Қазығұрт, Келес аудандарында орналасқан алма бақтарына маршрутты тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстары жемістің тауарлық пісіп-жетілу кезеңінде фитопатологиядағы және өсімдік қорғаудағы жалпылама қабылданған әдістер бойынша орындалды. Келес ауданы «Абай» шаруақожалығында 2 гектар алма бағын тексеру барысында, алма жапырақтарында ақ ұнтақ ауруының таралуы 60,8%, ал даму деңгейі 38,0% көрсетті. Алма жемістерінде таралуы 44,2 көрсетсе, даму денгейі 25,6% көрсетті. Қазығұрт ауданы «Ерімбетова» шаруақожалығында 3 гектар алма бағын тексеру нәтижесинде ақ ұнтақ ауруының жапырақтарындағы таралуы 63,4%, ал даму деңгейі 42,1% көрсетті. Жемістерінде ақ ұнтақ ауруының таралуы 58,8% көрсетсе, даму денгейі 26,2% құрады. Түркістан облысы Темірлан, Қазығұрт, Келес аудандары шаруақожалықтарында алманың вегетация кезінде ақ ұнтақ ауруына қарсы Топаз 100, к.э., шығу мөлшері гектарына 0,4 л (эталон), байлетон, 25% с.ұ. шығу мөлшері гек-тарына 0,2 кг фунгицидтерімен 3 қайтара; триафол, 25% с.к шығу мөлшері гектарына 0,15л фунгицидтерімен 2 қайтара бүрку жүргізілді: біріншісі - гүл түйіні қызғылттана бастағанда; екіншісі - гүлдеуден кейін; үшіншісі - екінші өңдеуден 10-15 күн өткен соң қолданылады. Алманың ақ ұнтақ ауруына қарсы ең тиімді фунгицид Триафол, 25% с.к 0,15 л/га болды. Биологиялық тиімділігі 97,8%, ал эталон, Топаз 100 к.э 65,3 % құрады. Демек, алманың ақ ұнтағымен күресуде Триафол, 25% с.к фунгициді, өте жоғары тиімділік көрсетті.