Исчезновение объекта: реализация хайдеггерианского ядерного фантазма и интернет вещей

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp.2022.v79.i1.03
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар рөлінің күшеюі гуманитарлық қоғамдастық пен білімнің аралас салаларының әртүрлі реакциясын туындатып отыр. Бір жағынан алғанда, болашақта толық немесе жартылай цифрландыру және адам қызметінің күнделікті салаларының (еңбек, экономика, мәдениет, әлеуметтік, тұлғаралық өзарақатынастар) басым көпшілігінің виртуалдануы өсе түседі. Басқа жағынан қарастырғанда, дигитал технологиялардың даму жылдамдығы әртүрлі көңіл-күй – тәнті болудан бастап, үрейленуге дейін – тудырып, бізді соншалықты күшті, қазіргі адам өмірінің кез келген, тіпті ең тылсым қырларын өзіне бағындыруға қауқарлы техникалық дамудың адамзат үшін салдарлары туралы ойлануға мәжбүрлейді. Жаңа заман олардың салдарлары ХХ ғасыр ойшылдарын ғылыми-техникалық прогресс идеясын адам игілігіне қолданудың дұрыстығына күмәндануға мәжбүр еткен ең аз дегенде екі трагикалық мысал, екі дүниежүзілік соғысты басынан кешті. Бұл мәселенің негізгі шешімдерінің екі жіті айқындалған абрисі бір уақытта қатар пайда болды. Біріншісі – ғылыми-техникалық дамудан бас тартудың технофобиялық идеалы, «адамды» гуманитарлық идеал ретінде сақтап қалу үшін минимал-мәдени күйге қайта оралуға шақыру. Екіншісі – техникалық дамуды мәдениеттің бөлігі ретінде мойындап, жаңа этикалық ұстанымдар жасау үшін «адам», «адами», «гуманды» ұғымдарын түсінудің жаңа мүмкін жолдарын қарастыру талпынысы. Мақала Мартин Хайдеггердің еңбектеріндегі («Болмыс және уақыт», «Техника туралы сұрақ», «Зат») объектінің жоғалуы және назар аударудың субъект-объект векторының ауысуы идеясын қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың дамуы және осы процесс барысында жаңа болмыстық тұғырнамалардың пайда болуы аясында талдауға арналған. Түйін сөздер: цифрлық технологиялар, цифрландыру, техника, мәдениет, субъект және объект, адам, адамзат, цифрлық философия, болмыс.