Abstract
Мақалада әдеби, тарихи және фольклорлық дерек көздер – Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзімен көргендердің әңгімелері, өлеңдері және олардың естеліктері келтіріледі. Хан Кененің ерлік әрекеттері суреттелген поэмалар талданады. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақтар көтерілісінің себебін анықтау үшін жүргізілген жұмыстар негізінде сараланады. М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы талданып, көркемдік шешімі көрсетіледі. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуінің саяси сипаты анықталып, қазақ тарихындағы прогрессивті рөлі айқындалады.