Abstract
Қазақстанның ішкі және сыртқы экономикалық саясатын табысты жүргізудіңмаңызды элементтерінің бірі мемлекет ішіндегі валюталық реттеу болып табылады. Валюталықсаясатты сауатты жүзеге асыру үшін ішкі валюта нарығындағы валюталық қатынастарды реттейтінқұқық нормаларын белгілеу қажет. Қазақстанның валюталық саясаты тұтастай алғанда экономиканымемлекеттік реттеу саясатымен, мемлекеттік органдардың валюта-несие және қаржы қатынастарынаараласу дәрежесімен анықталады.Соңғы уақытта ТМД-ға қатысушы кейбір мемлекеттердің валюталық реттеу заңнамасы валюталықоперацияларды жүргізуге байланысты шектеулерді ішінара немесе толық алып тастау мақсатындаөзгерістерге жүргізуде. Осы ретте Қазақстанда валюта нарығына қатысушылардың қызметіноңайлатуға бағытталған құқықтық шаралар кешенін қабылдау жағынан шетте қалған жоқ.2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» жаңазаңы 2019 жылдың 1 шілде айынан бастап қолдану аясында. Бұл заң негізінен валюталық реттеудіқатаңдатуға және елден ақша шығаруға қарсы тұруға бағытталған.Сонымен қатар, валюталықоперацияларды жүзеге асыруға байланысты және резиденттер мен резидент еместердің валюталыққұндылықтарға құқықтарын іске асыру кезінде болатын қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталықреттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттары, міндеттері мен тәртібі айқындалады.Осы аталғанмәселелер мақалада негізделді.Валюталық реттеу арқылы мемлекет ұлттық валютаның тұрақтылығы мен қолайлы жағдайынаұмтыла отырып, сыртқы экономикалық мәмілелер жүргізу үшін ұлттық валютаның пайдаланылуынқамтамасыз етеді,өз валютасының шет мемлекеттердің валюталарымен арақатынасын қалыптастырады.Ішкі нарықта валюта айырбастау тәртібін, капиталды әкелу және әкету процестерін реттеу қажеттілігітуындайды. Мақалада айтылған мәселелердің маңыздылығы ашылып,»валюталық реттеу жәневалюталық бақылау туралы»заңда бекітілген валюталық реттеу туралы заңнаманың мақсаттары менміндеттері нақты баяндалады. Сонымен бірге, мақалада осы Заңның тұрақты экономикалық өсуге қолжеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа ықпал етуфактісі көрініс табады. Мақалада Ұлттық банктің валюта бағамын реттеу үшін валюта резервтерінбасқару ерекшеліктері, валюталық интервенциялар жүргізу және оның валюта нарығындағықызметінің бағыттары қарастырылады. Ұлттық банктің валюталық реттеудің негізгі органы ретіндегіталаптарына сипаттама беріледі.