Abstract
Ғарыш денелерінің гравитациялық өрісін зерттеу аспан механикасы ғылымының негізгі міндеттерінің біріне жатады. Мақалада табиғаты гравитациялық болатын центрлік күш өрісінде қозғалатын аспан денелерініңқозғалыстары қарастырылады. Өзара тартылыстағы екі дененің қозғалысын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулер қарастырылған. Осы теңдеулергеөлшемсіздендіру амалы қолданылған. MathCAD қолданбалы программалар пакеті көмегімен дифференциалдық теңдеулер сандық әдістер арқылыграфиктік түрде шешілген. Кеплердің бірінші және екінші заңдарына қатысты сандық мәліметтер қолданбалы программа көмегімен алынған. Өзарагравитациялық тартылыстағы екі дененің бірінің массасы екіншісінен өте үлкен болған жағдайдағы екінші дененің эллипс түріндегі орбитасыныңэксцентриситеті есептелді және осыорбитаның жарты осьтерінің ұзындығы табылды. Табиғаты гравитациялық центрлік күш өрісінде қозғалған дененің траекториясы сол дененің радиус-векторы сызған ауданмен берілді.