ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ - СТУДЕНТТЕРДІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ (KAZAKH ETHNO-PEDAGOGICAL HERITAGE - A MEANS OF SPIRITUAL AND MORAL EDUCATION OF STUDENTS)

2021

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2021.v61.i2.03
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала студенттерді рухани-адамгершілікке қазақ этнопедагогика мұрасы арқылы тәрбиелеуге арналған. Мақалада «руханилық» және «адамгершілік» ұғымдарының этимологиялық мағынасын антикалық және ортағасырлық ғалымдар мен ойшылдардың еңбектеріне сүйене отырып нақтылаған. Сонымен бірге, зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде қазақтың этнопедагогикалық мұрасын студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырады. Ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде халық шығармашылығын, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, педагогикалық идеяларды, көзқарастарды, тәрбие туралы халық білімін ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған этнопедагогикалық мұралардың рухани-адамгершілік құндылықтары халықтың рухани жай-күйімен тексерілген тарихи тәжірибемен, өмір сүруімен байланысты өмір салтымен ішкі әлемге әсер ететін рухани игіліктер және этнопедагогикалық мұра ретінде қарастырады. Қазақтың этнопедагогикалық мұрасы студенттердің тәрбиесі мен білімін тереңдетуді көздейтін ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісінде кезеңімен жүзеге асыратын дайын тетіктеріне сәйкес жұмыс жүйесін ұсынады. Мақалада болашақ қызметте қажетті қазақ этикалық мінез-құлық қағидаларының мәнін түсіну мақсатында студенттердің білім базасын тереңдетуге мүмкіндік беретін «этноэтикеттің» іскерлік қарым-қатынастағы қазақ этноэтикетінің тәрбиелік маңызы да ашып көрсетіледі. Авторлар ұсынып отырған мақалада көрсетілген қазақтың этнопедагогикалық мұрасын жоғары оқу орны студенттеріне арналған рухани-адамгершілік тәрбие беру жүйесін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тәжірибесінде пайдалануға болады.