Abstract
Мақалада қонақ үй бизнесінің сапасын арттыруда қызметкерлердің кəсіптік қанағаттану деңгейін анықтаудың əдістемелік аспектілері зерттелген. Қонақ үй бизнесінің тұтынушыларына сапалы қызмет көрсету жəне олардың кірістілігін арттыру қабілеттілігі олардың жұмысшыларының жұмысына қанағаттануына байланысты. Бұл тұрғыда зерттеудің мақсаты: қонақ үй бизнесі үшін өте маңызды жұмыскерлердің жалпы қанағаттанушылық деңгейлерін анықтау, қанағаттануға əсер ететін факторларды анықтау, қызметкерлердің кейбір демографиялық сипаттамалары мен олардың жұмысына қанағаттануы арасындағы жəне аймақпен, мəртебесі мен құқықтық құрылымымен байланысты анықтау. Қорытындыларға сəйкес, қызметкерлердің жалпы қанағаттанушылығы жақсы деп санауға болатын деңгейде жəне қанағаттануға əсер ететін он екі фактор екені анықталды: көшбасшылық, білім беру жəне даму, тұтынушыға бағытталу, басқаруды жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі, байланыс, сыртқы көрініс, арыз-шағымдар, жұмыс уақыты, іскерлік орта, басқару ортасы, жұмыс сапасы. Қонақ үй бизнесінің дамуында жаңашыл басқару əдістерінің арасында көп қызығушылық тудырған сапа менеджмент жүйесін енгізумен тікелей байланыстылығын анықтау үшін сауалнама жүргізілді.