Abstract
КӘЛӘМ СӨЗІНІҢ ЭПИСТЕМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КӘЛӘМ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Аңдатпа.Кәләм ілімінің алғашқы пайда болуында діни ұстанымдар аясында, діннің негізгі шарттарын қорғау көзделген.Бірақ уақыт өте келе әр түрлі мәселелердің туындауымен кәләм ілімінің зерттеу ауқымы кеңейе түсті.Кәләм ілімінің тарихи бастауы хижри І-ғасырдың соңына қарай орын алады.Кәләм ілімі бастапқыда Муғтазиләмен қоса Нажжарилік, Кулләбилік, Кәррәмилік, Зәйдилік және Шииттердің Усули мазхабы секілді бағыттармен басталған.Кейіннен Матуридилік және Әшғарилікпен кәләм әдістемесі нық қалыптасып, жүйеленіп, бүгінге дейін жетті.Мақалада кәләм ілімінің пайда болуы, зерттеу тақырыбы мен мақсаттары және Ислам ғұламаларының кәләм іліміне берген түсініктемелері салыстырмалы түрде қарастырылды.Бұған қоса отандық ғалымдардың кәләм ілімі жайындағы мақалалары және шетелдік ғалымдардың да еңбектері зерделенді.