КӨЗ СОМАТИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ФУНКЦИЯЛАРЫ

2016

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.33692/avrasyad.509550
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада коммуникация кезінде қолданылатын ым, ишараттардың, оның ішінде көз соматизмінің әлеуметтік және мәдени қызметтерінің қолданылу дәрежесі сөз болды. Көз қимылдарының ишараттық және дене қалыбы әрекеттерімен тығыз байланысты болып келетіндігі қарастырылды. Сонымен қатар көзге қатысты бейвербалды элементтердің мәнмәтінге қарай беретін мағынасы, яғни бір қимылдың бірнеше мағынада қолданылуы мүмкіндігі дәйектелді. Көз соматизміне байланысты көп мағынаны білдіретін ым-ишараттардың мағыналық топтары сараланып көрсетілді. Көз қимылдарының және көздің әлеуметтік, коммуникативтік қызметінің айрықша ережелерін қолдану тек мәнмәтінде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар арнайы рәсімдерде де қолданылады. Күнделікті диалогті қарым-қатынаста адамдар өз мақсаттарына жету үшін жиі көз қимылдарын пайдаланып жатады. Көздің көмегімен мақсатына жету үшін әртүрлі қимылдар жасалынады. Мәселен, көзін қағу, көзімен ату немесе көзімен жүргізу, көзімен ымдау, т.т. Сонымен қатар мақалада вербалды амалдармен жеткізілген хабарда сөйлеушінің эмоциясын, оның қандай жағдайда және нені меңзеп тұрғанын толықтай білу жеткіліксіз сияқты болатыны, ал бейвербалды амалдар сол тілдік амалдарға қосымша мағына беріп, сөйлеушінің қарым-қатынас барысында қолданған ым-ишарасы оның көңіл-күйінен хабардар етіп, шынайы бет-бейнесін ақпарат бере алатыны туралы мәселе қозғалады.