Abstract
Жалында күйе түзілу үдерістерін зерттеу әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату қазіргі таңдағы әлемдік деңгейдегі мәселелерінің бірі болып табылады. Ұсынылып отырған жұмыс полиэтилен қалдықтарының жануы барысында аса гидрофобты күйені синтездеуге, және оның толық жануы үшін жану режимін анықтауға негізделген.\nПолиэтилен қалдықтарын жағу арқылы аса гидрофобты күйе алу кезінде канцерогенді, ластағыш қосылыстар бөлінуін төмендету үшін әртүрлі катализаторлармен тәжірибе жүргізілді. Катализаторлардың талғампаздығын, эффективтілігін арттыру үшін активтеу (өңдеу) жүргізіліп, тиімді катализатор таңдалынды. Алынған күйе әртүрлі физика-химиялық әдістермен зерттелініп, күйе бөлшектерінің өлшемі, пішіндері туралы толық мәлімет алынды. Аса гидрофобты күйенің химиялық құрамы ИҚ спектроскопия, электрондық микроскопия, комбинациялық шашырату әдістері арқылы зерттелінді.