Ауылдық жерлерде әйелдердің жатыр мойнының қатерлі ісігіне скринингтік тексеруге ынталылығын арттыру жолдары: зерттеу хаттамасы

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.3.2022.15-23
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Өзектілік: Жатыр мойнының қатерлі ісігі (ЖМҚІ) көптеген жылдар бойы әлемде онкопатологиялар арасында аурушаңдық пен өлім-жітім бойынша жетекші орындарда болып келеді. Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулар құрылымының ішінде жатыр мойнының қатерлі ісігі сүт безінің қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. Бүгінгі таңда әлемде көптеген скринингтік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда және жұмыс істейді. Дегенмен, бұл бағдарламалардың тиімділігі, көбінесе, халықты қамту деңгейіне және халықтың скриненгтен өту ынталылығына тікелей байланысты. Әйелдердің жатыр мойнынының қатерлі ісігі скринингінен өту ынталылығын зерттеу кезінде, географиялық орналасуына (қала немесе ауыл) тәуелділігін зерттеуге ерекше назар аударған жөн. Шетелдік зерттеушілердің тәжірибелері, ауылдық жерлердегі әйелдер халқы негізінен жатыр мойны обырының ықтимал қауіптерін білмейтіні туралы алаңдатарлық жағдайды көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ауыл әйелдерінің жатыр мойны обырының скринингіне қатысуының біліміне, көзқарасына және деңгейіне қатысты елеулі дәлелдер жетіспейді. Зерттеудің мақсаты – әйелдердің мақсаттық жас тобын (ЖМҚІ бойынша тіркеуде тұрмаған 30-дан 70 жасқа дейінгі) қамтуын арттыру мақсатында, ауыл әйелдерінің ЖМҚІ скринингтік тексеруден өтуге ынталылығын арттыру бойынша дәлелді бағдарлама әзірлеу қажеттілігін анықтау. Әдістерi: Зерттеудің негізгі болжамалы әдістемесі: кросс-секционды эпидемиологиялық, қималық дизайн. Зерттеу міндеттеріне сәйкес ретроспективті, әлеуметтік сауалнама, әдебиетке шолу сияқты әдістеме бойынша жиналған құжаттарды талдау мақсаттанады. Жиналған нәтижелер SPSS, Excel бағдарламаларында статистикалық өңдеуден өтеді. Пилоттық зерттеу ретінде ауылдық (N=60) және қалалық жерлерде (n=55) тұратын 30 мен 70 жас аралығындағы 115 әйелге сауалнама жүргізілді.Нәтижелер: Пилоттық зерттеудің нәтижелері ауылдық жерлерде тұратын әйелдерде ЖМҚІ скринингіне төмен ынталылығын (ауылдық әйелдердің көпшілігі (61,7%) скринингке ешқашан қатыспаған, 38,3% әйел скринингтен өткен) және ЖМҚІ скринингтік бағдарламасы туралы төмен хабардар болуын айқындады (тек 1 әйел (1,7%)) жақсы хабардар болды). Қалалық әйелдер арасында қатысу көрсеткіші төмендегідей болды: скринингтік тексеруден өтпегендер – 25,5%, скринингтік тексеруден өткендер – 74,5%. Ауылдық және қаладағы әйелдердің ЖМҚІ скринингіне қатысу деңгейін салыстыруды талдау барысында, топтар арасында статистикалық маңызды айырмашылықтарды көрсетті (p<0,05).Қорытынды: басылымда баяндалған хаттама және жүргізілген пилоттық зерттеу негізіндегі алынатын нәтижелер ауыл әйелдерінің ЖМҚІ скринингтік тексеруден өту ынталылығын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін анықтайды.