ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ

2021

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2021.v60.i1.07
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала өз алдына мемлекеттік қызметшілер өкілеттігін анықтау, мемлекеттіліктің қалыптасуы кезіндегі мемлекеттік қызметтің өз мақсаттарын орындауға мемлекеттің алғашқы ұйымдастырушылық құралы ретіндегі рөлін зерделеу мақсатын қояды. Мақалада еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының реформалық жүйесінің сипаты мен нақтылығымен байланысты теоретикалық және тәжірибелік сұрақтар зерделенеді. Мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру - бұл оның қызметін қалыптастыруды және кең ауқымды мәселелерді қамтиды: лауазымдық лауазымдарды белгілеу, әр лауазымға тиісті өкілеттіктерді анықтауды, мемлекеттік қызметтерге қабылдау ережесін әзірлеу, біліктілігін арттырудың және көтермелеудің ережелері, ынталандыру шараларын қолдану,тәртіптік шаралар және басқа да жауапкершілік, ресми қатынастарды тоқтатудың шаралары жөніндегі зерттеулер оқырманқауым назарына ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекет саясаттарын іске асырудың барысында мемлекеттік қызмет институтының функционалдық қызметі анықталып; мемлекеттік қызметтің құрылымының негізі, өзара қарым-қатынастардың екі тобы нақтыланып; мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру, оған дайындауды және қызмет көрсетуді, яғни әрбір қызметкердің және олардың барлығының ресми практикалық өкілеттіктерін жүзеге асырунақтыланып, мемлекеттік қызмет барысының құқықтық реттелуі механизмі талданған. Жоғарыда аталған қызмет саласындағы талдаулардың нәтижесі ресми орындардың қызметін сапалық жағынан арттыру ісіне қолдануға, осы салаға арналған пәндерді оқыту барысында лекция, практикалық сабақ материалдарын дайындауға қосымша деректер ретінде пайдалануға болады деген пікір білдіреміз. Бұл саланы ғылыми түрде зерделеуге арналған еңбектер өте аз, сондықтан аталмыш саланы зерттеу қоғамға орасан зор пайда әкеледі.