Abstract
Мақалада ел үшін туризмнің жаңа түрін – агротуризм және оның кейбір түрлерін – энотуризм, қымыз туризмі, шұбат туризмін дамыту арқылы Қазақстанның ауылдық территориясын жандандыру сұрағы қарастырылады. Ауылдық территориялардың экономикасын әртараптандыру түсінігі сипатталынады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жеке аймақтарында географиялық негіздер мен агротуризмнің даму бағыттарын әзірлеу сұрақтары қарастырылады.