ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘР ТҮРЛІ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ТАЗА ЖӘНЕ ТӨГІНДІ СУЛАРМЕН ҚАНТ ҚҰМАЙЫ ДАҚЫЛЫН СУАРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/30
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аталмыш мақалада Қазақстандық-Арал өңірінің күрт құбылмалы ауа-райы, су тапшылығы және қалыптасқан күрделі агроэкологиялық жағдайларында қант құмайы дақылын таза және төгінді сулармен суаруда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары айтылады. Созылмалы су тапшылығы өте өзекті жаһандық теріс үдеріске айналды. Әсіресе Қызылорда облысы секілді құрғақ және жартылай құрғақ, шөл-шөлейт аймақтарда суды аз тұтынатын техникалық дақылдардың үлес салмағын арттыру мен суару тәсілдерін жетілдіру аса маңызды болуда. Жалпы әлемде су ресурстарына деген болжамды зерттеулерге сәйкес трансшекаралық өзендердің ағыны 2030 жылға қарай 40%-ға қысқаруы мүмкін. Су қорларына деген әр түрлі бағыттардағы жүктемелердің өсуі және судың тұрақты қорларының азаюы нәтижесінде 2030 жылға қарай 14 млрд.м3 мөлшерде су тапшылығы күтілсе, 2050 жылға қарай су тапшылығы 20 млрд.м3 (су ресурстарына қажеттіліктің 70%-ын) дейін ұлғаятындығы болжануда. Ал, әлем назарындағы Қазақстандық-Арал өңіріндесу тапшылығы өткір қалпында екенін көп жылғы зерттеулер нақтылай түсуде. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мәліметі бойынша Шардара су қоймасы арқылы 2017 жылы 23939 млн.м3 су түсіп төменгі ағысқа жіберілсе, 2023 жылы 13453 млн.м3 су түсіп өмір тіршілігі нәрінің көлемі шамамен 44,8 %-ға азайғаны байқалды. Бұл жаһандық жылынудың әсері. Біздің зерттеуіміздің ғылыми және практикалық құндылығы жоғары себебі, көптеген ғалымдардың және болжамды зерттеулердің, құзырлы мекемелердің пайымдауынша Қазақстандық-Арал өңіріндегі су тапшылығы жағдайы жылма-жыл артатыны айтылуда. Су ресурстарын ауылшаруашылығына барынша тиімді пайдалану мақсатында соңғы жылдары жер асты суларын, коллектор-дренаж суларын, соңғы кезеңдерде төгінді лас суларды да ауылшаруашылығы дақылдарын суғаруға пайдаланудың тиімді технологиялары зерттелуде. Шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми әдебиеттеріне шолу жасасақ су тапшылығы жағдайында техникалық дақылдардан орнықты өнім алу үшін төгінді суларды пайдалану ең тиімді тәсіл болып саналатындығы көрсетілген. Суармалы егіншілік жүйесі 100%-ыз қалыптасқан ірі күріш плантациясы Қызылорда облысы үшін суды аз тұтынатын, экономикалық тұрғыдан басқа дақылдардан кем түспейтін, тұзданған тұзды топырақтарда өсіп берік шем-шөп қорын қалыптастыратын қант құмайы секілді техникалық дақылдардың үлес салмағын күріш ауыспалы егістік жүйесіндегі көлемін арттыру жәнеэкологиялық, экономикалық және ең бастысы дақылды суарудағы тиімді технологияны негіздеу мен зерттеу аса маңызды.