Abstract
Жабайы қабан (Sus scrofa) Қазақстанның барлық жерлерін мекен ететін жануар. Мақалада далалық зерттеу нәтижесі бойынша Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жабайы қабандардың тіршілік ету ортасына байланысты биотоптарын анықтай отырып жұмыстар жүргізілді. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты парктің орманшылықтарында жабайы қабандардың орманда және далалы алқаптарда тіршілік ету ортасында таралуын бақылап, есепке алу көрсеткіштері анықтап, жыныстық, жастық құрылымы қамтылады. Зерттеу нысаны ретінде Қарқаралы МҰТП орманшылықтары таңдалып алында. Далалық зерттеу нәтижесінде жабайы қабандардың қоректендіретін алаңын бақылау арқылы таралуын, жыныстық, жастық құрылымы есепке алынды және олардың саны анықталды. Жабайы қабандарды таралуын бақылауда және есепке алуда негізгі әдісі мемлекеттік табиғи парк аумағындағы орман алқабында кездесетін қосымша тамақтандыру алаңдарында көзбен шолу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды есепке алудың бекітілген нұсқаулығына сүйене отырып жүргізілді. Қарқаралы МҰТП жабайы қабандар кең таралған. Орманды далалы алқаптарда таралуы сандық бағалау өскендігі байқалды. Жабайы қабандар таралу тығыздығымен орманды алқаптарға әсерін қопарған жерлерін бақылау арқылы анықтадық. 2023-2024 жылдар аралығында парктің орманшылықтарын аңшылықтанушы және орманшы мамандармен бірлесе бақылау негізінде жиналған мәліметтер жазылды.