Қазіргі мерзімді баспасөз менеджменті мен маркетингі: әлемдік тәжірибе және отандық басылымдар мәселелері

Herald of journalism, 2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202575108
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Технологиялар дамыған сайын ақпараттық бәсеке де арта түсті. Әсіресе басылымдар жаңа тенденцияға ілеспесе, оқырман назарын ұстап қалуы қиын. Бұл зерттеу мерзімді баспасөздегі менеджмент пен маркетинг жүйелерін талдап, әлемдік тәжірибені салыстыру арқылы отандық басылымдардың негізгі мәселелерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу гипотезасы – тиімді медиа менеджмент пен цифрлық маркетинг стратегияларын қолдану мерзімді баспасөздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюіне байланысты баспасөздің жаңа медиа талаптарына бейімделу қажеттілігімен байланысты. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, сипаттамалық зерттеу, SWOT талдау және статистикалық әдістер қолданылды. Отандық және шетелдік мерзімді басылымдардың менеджменттік және маркетингтік стратегиялары салыстырылып, олардың тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері отандық баспасөзге цифрлық платформаларды дамыту, әлеуметтік медианы тиімді пайдалану, оқырманмен кері байланысты нығайту қажеттігін көрсетті. Бұл ұсыныстар басылымдардың нарықта орнықты дамуына, аудиторияны кеңейтуіне, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуіне ықпал етеді.