ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЭКОМӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/17
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі экологиялық және жалпы жаһандық дағдарыс жағдайында оны еңсеру үшін жалпыға бірдей және үздіксіз экологиялық білімнің маңызы артып келеді. Рио-де-Жанейрода 1992 жылы өткен Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық конференцияда қабылданған Күн тәртібі 21 құжатында, адамзаттың жаңа дүниетанымы ретінде тұрақты даму тұжырымдамасын бекіткен болатын. Аталған құжат экологиялық білім беру басты мақсат емес, сәйкесінше, тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қажетті білімді, құндылықтарды, мінез-құлық пен өмір салтын өзгертудің, мәдениетті қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде көрсетілген. Экологиялық білім беру арқылы экологиялық мәдениетті көтеру, қоғамдық экобелсенділікті қалыптастыру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің тетігі ретінде айқындалған. Мақалада Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттары қарастырылып, экологиялық білім беру бойынша шетелдік озық тәжірибелерге талдау жасалынған. Отбасылық тәрбиеден бастап жоғарғы оқу орындары және барлық топтағы азаматтарға арналған үздіксіз білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жүргізбейінше қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мүмкін еместігі сипатталған. Халықтың экологиялық жауапкершілігінің артуына байланысты тұрмыстық экобелсенділік мәселесі де өзекті. Экологиялық мәдениетті кешенді түрде дамыту – ұрпағымызды отан сүйгіштікке баулудың, азаматтардың қоршаған ортаға үнемі ұқыптылықпен қарауының бірден бір кепілі болмақ. Осындай тың бастамалардың нәтижесінде елімізде жаңа мәдениет пен жаңа әлеуметтік этика орнығып, нағыз патриоттық, ұлттық, отансүйгіштік сезімді, қоршаған табиғи ортаға деген қамқорлықты орната аламыз. Мұндай іс шаралар қоғамның барлық салаларында экологиялық мәдениетті, «жасыл трансформацияны» қалыптастырудың құралы ретінде тануға негіз бар.