ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ТІЛДІК-МӘДЕНИ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.4.75.013
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала қазақ және қырғыз тілдеріндегі туыстық қатынасты тілдік-мәдени тұрғыдан талдап, салыстыруға арналған. Туыстық терминология –ең көне лексикалық қордың бөлігі, тарихының күрделілігі жағынан да тілдің лексикалық құрамында айрықша орын алады. Туыстық атаулар–өз қолданушысының, яғни ұлттық мәдениеті, тарихын, әлеуметтік орнын, адамдармен қарым-қатынасынөз бойына сіңіріп, жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа сөздік қор ретінде жатталып, сіңіріліп отыратын ерекше мәдени қазына. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығытуыстық терминдердің осы қызметінде жатыр. Қазақ тілі мен қырғыз тілі антропонимиконында әл күнге дейін жетерлік деңгейде зерттелмеген жеке есімдер, тек, лақап аттары, туыстық атаулар қатары мол. Бұл мәселе де осы бағытта материалдар жинақтау, жүйелеу, түрлі анықтамалар шығару және сөздіктердің шығарылу өзектілігі мен тарихы терең туыстық атаулардың, оның ішінде актив-пассив қордың зерттелу қажеттілігін көрсетеді. Зерттеудің жаңашылдығына тарихи зерттеу және әдеби еңбектерде бір атаумен «Киргизы» деп аталған қазақ және қырғызлингвомәдени ортасының айырмашылықтарын терминдер арқылы қарастырылуын жатқызамыз. Осыған орай мақаланың мақсатыда–қазақжәне қырғыз тілдеріндегі туыстық атауларды талдап, екі тілдегі туыстық терминдердің қолданылу және тілдік-мәдени ерекшеліктерін анықтау. Материал ретінде қос тілдегі сөздіктер мен осы күнге дейінгі зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ зерттеу жұмысында жинақтау, сипаттау, салыстыру және талдау әдістері қолданылды. Жұмыс нәтижесіндеқырғыз және қазақ тілдеріндегі туыстық қарым-қатынастыңтілдегі көрінісі талданып, ерекшеліктері мен ортақтықтары айқындалды. Жұмыс нәтижелері бұдан кейінгі де түркі тілдерін зерттеу жұмыстарына, әсіресе туыстық терминдерді талдау, сөздіктер шығару, т.б. лингво мәдениеттанымдық, лингвистикалық бағытта мақалаларға дереккөзі бола алады.