ЕЖЕЛГІ ПЕТРОГЛИФ ӨНЕРІНІҢ КИІМ ДИЗАЙНЫНДА ҚОЛДАНУ ҮЛГІСІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i3.849
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Еуразия құрлығының таулы аймақтарында ежелгі тасқа сурет салу (петроглиф) өнерінің б.з.д. III–II мыңжылдығында қарулар мен жауынгерлер, дөңгелек пішіндер, кейбір зооморфты фигуралар мен арбалар сияқты құралдар мен құрылымдарды бейнелейтін құндылықтар кездеседі. Осындай құндылықтар қоғамдар арасында қалыптасқан киім мәдениетінің бүгінгі күнге дейін өзгерістер арқылы өзінің өміршеңдігін сақтауына себеп болуда. Қазіргі уақытта киім дизайны саласындағы тарихы өзгерістер сәнге айналдыра отырып, әртүрлі киім үлгілері өмір мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуды. Бұл зерттеу жұмысы қола және темір дәуірінен бастау алатын Орталық Азия аймақтарындағы жартастардағы тасқа сурет салу өнерінің кейбір негізгі тақырыптарының символдық мәнін ескере отырып, дизайн саласындағы киімді сәндеуде қолданылатын композициялар негізінде қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі көлемін ежелгі петроглиф өнерін киім мәдениеті мен сәнін тарихи процесте бүгінгі киім және сән мәдениетімен үйлестіру арқылы бағалау және оның бүгінгі киім дизайнына көрінісін зерттеу осы зерттеудің ауқымын құрайды. Сонымен бірге, жартастардағы көне таңбаларға шолу жасалынып, символдарды сән дизайнымен байланыстыра отырып, арақатынасы талқыланады. Жартастардағы көне таңбалардың қолдану әдісі туралы жалпы мәліметтерден кейін бұйымға айналдыруға арналған дизайн идеясы кезең-кезеңімен ұсынылды. Көне таңбалардан «Күн бейнесі», «Күн басты адам», «Ешкі», «Түйе», «Бұғы», «Қошқар мүйіз ою», «Қыран құс» суреттері мен ою-өрнектерді композициялық шешімде модернизациялау арқылы әйел жейдесінің алдыңғы жағына орналастырылды. Киім дизайнындағы бұйымды жобалау процесінің негізгі бөлшегі болып табылатын эскиз жасаудан бастап, идеяны бұйымға айналдыру кезеңіне дейінгі жұмыстар копьютерлік бағдарламаларда (Adobe Photoshop CS6 және Adobe Illustrator CS6) көрнекілігімен дайындалып ұсынылды. Сонымен бірге, дизайнерлердің және сән әуесқойларының практикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жарнамалық тұжырымдамасынан бастап жеткілікті нұсқаулармен қамтамасыз ету үшін Мудборд (moodboard) тақтасы жоспарланып көрсетілген. Бұл зерттеу жұмысында талқыланған тақырыптар болашақ сәнгерлер мен сәнге қызығушылық танытқандарға киім дизайнында жобалау процесінің кезеңдерін меңгеруіне үлес қосады. Сонымен қатар композициялық суреттерді киімде қолдану тұралы шығармашылық дағдыларын қалыптастыруына негіз болады.