БІРІКТІРУ ЖОЛЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТЕРМИНДЕРДІҢ СӨЗДІКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ(мұнай-химия терминдері негізінде)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада екі немесе оданда көп түбірлердің бірігу тәсілі арқылы жасалған мұнай-химия терминдеріне талдау жасалынады. Қазіргі кезде орыс тілі арқылы енген біріккен терминдердің қатары жыл санап артып келеді. Бұрындары терминдер екі кейде үш түбірдің бірігуі арқылы жасалса, қазіргі кезде үш, тіпті, төрт түбірді біріктіріп термин жасау процесі белең алып отыр. Оның себебі, өзге тілден термин қабылдауда калька тәсілінің жетекші рөл атқаруында. Сонымен бірге өткен ғасырдың елуінші жылдары қабылданған, орыс тіліндегі терминдер қалай таңбаланса, қазақ тілінде де солай таңбалану тиіс деген ереже бүгінгі күндері де өз күшін жоймай отыр. Осы қағидаға сәйкес тілімізге өзге тілден көптеген біріккен терминдер еніп отыр. Осындай ережелер қазақ тілінің төл заңдылықтарына кері әсерін тигізуде. Мақаланың мақсаты –мұнай-химия терминологиясындағы біріккен сөздермен берілген терминдерді зерттеу, біріздендіру. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әр жылдары жарық көрген сөздіктерге статистикалық талдау жасай отырып, осы мәселе бойынша бүгіндері жарық көрген еңбектерді саралай келе, біріккен терминдердің табиғатын зерделеу, сөздерді біріктіру тәсілдерінің белең алу себептерін анықтау. Өзіндік тұжырымдар шығару. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңыздылығы. Күрделі сөздер теориясына арналған еңбектерге ғылыми талдау жасай отырып, қазақ тіліндегі біріккен сөздер теориясын қайта қараудың қажеттігін ұсынады. Қазақ тілі терминологиясында белгілі бір ұғымды атауда сөздерді біріктіру тәсілі арқылы емес, тіркестіру тәсілінің жетекші рөл атқаруы маңызды екендігін дәлелдеуге тырысады. Күрделі терминдерді таңбалауда сингармонизм заңдылығына сүйене отырып, А.Байтұрсынұлының қағидасын басшылыққа алуды ұсынады. Зерттеу әдіснамасында алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында жұмыстакелесідей әдіс-тәсілдер қолданылды: сипаттамалық әдіс, семаникалық топтау әдісі, терминжасамдық талдау әдісі және т.б. Зерттеу нәтижелерінде жинақталған материалдар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында арнаулы таңдау пәндерінде, дипломдық және курстықжұмыстарды жазу барысында, академиялық ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының құндылығы жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде «Терминология», «Сөзжасам» және т.б. сияқты арнаулы курстарда, сонымен қатар, орфографиялық сөздік түзу ісінде және техникалық мамандықтарға арналған сөздік құрастыруда пайдалануға болады.