Abstract
Бұл мақалада ферменттік индукцияланған кальций карбонатының тұнбасы әдісі яғни, EICP (Enzymatic Induced Calcite precipitation) - ерітіндісінің тозған топырақтың құрылымын нығайту. Ауыл шаруашылығында шөлейітті зонадағы құмды нығайту үшін пайдаланылды.Құмды дауылдар - әлемдегі ауыр табиғи апаттарға жатады және онымен күресудің тиімді және экологиялық таза әдісін ұсынудың маңызы зор. Бұл биогеотехникалық әдіс-несепнәрдің гидролизденіп, уреаза ферментімен катализдену нәтижесінде кальций карбонатытұнбасының (CaCO3) түзілуі арқылы жасалынады. Ерітіндінің құрамы 1М несепнәрден, кальций хлоридінен0,78M(CaCl2) және 4г/л уреаза ферментінен тұрады.Осы аталған ерітіндімен өңдеу нәтижесінде құмның бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын, кристалл түзеді, яғни карбонаттың тұндырылуы барысында, топырақтың өткізгіштігін төмендете отырып, оның беріктік қасиетін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл әдістің негізіндежасалған ерітіндінің жасауға қолданылатын уреаза ферментінің көп мөлшерде қажеттілігіне байланысты, ауқымды қаржыны талап етеді. Тек ферменттің өзі ерітінді дайындауға кететін шығынның 95%-дан астамын құрайды. Сондықтан, зерттеу жұмыстарын ары қарай жетілдіру үшін уреаза ферментін алмастыратын яғни, уреаза ферментін түзетін табиғи субстракт қажет.Шөптесін өсімдіктердің тұқымын және ферменттік өңдеу әдістері экологиялық үйлесімділігі болуы шөлейттенуді азайтуға тиімділігін көрсетті.Өңдеу нәтижесінде жел эрозиясы мен жауын-шашынға да төзімділігі айтарлықтай дәрежеде жақсартқанын көрсетті, бұл шөлейттенудің алдын алудың тиімді әдісін қамтамасыз етеді. Бұл зерттеу жұмысына уреаза ферментін ауыстыратын табиғи шикізат өнімі ретінде фермент майбұршақ – Соя-Glycine max (L.) Merrill бөлініп алынды.Топырақты(Ақтау құмы) EICP ерітіндісімен өңдеу арқылы, олардың құрамындағы ферменттердің белсенділігін арттырып, карбонаттың тұндырылу дәрежесінің жоғары болуына алып келеді. Сонымен қатар, топырақты ферменттік индукцияланған кальций карбонатының ерітіндісімен өңдеу барысында түзілген ағын сулардан несепнәр мен кальций хлоридін түзіледі, бірақ уреазалық ферменттерді түзбейтіндігі анықталды. Фермент топырақ құрамындағы несепнәр мен кальций карбонатымен әрекеттесіп, карбонаттың тұндырылуын түзіп, топырақ бөлімдерінің бір-бірімен байланыстыру арқылы кальций карбонатының кристаллын түзеді. Түзілген кальций карбонатының кристаллы топырақ бөлімдерін нығайтып, оны борпылдақ күйінен қатты тығыздалған күйге айналдырады. Нығайтылған құм бағандары сканерлеуші электронды микроскоппен түсірілді.