Түркі халықтарындағы керамикалық ыдыстардың зерттелу тарихы

Turkic Studies Journal, 2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-2-8-22
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада жалпы түркі халықтарының ортақ материалдық мәдениеті болып есептелетін керамикалық ыдыс-аяқ түрлері мен оның шығу тегіне, қолданылу аясына, ыдыс-аяқ жасалу технологиясы мен ыдыс-аяққа байланысты салтдәстүрлердің орындалу жүйесіне қатысты әдебиеттер талданады. Энеолит, қола және ортағасырлардағы Еуразия даласынан табылған керамикалық ыдыстардың ортақ түркі халықтарының ыдыс-аяқ мәдениетінің зерттелу тарихына шолу жасау, ыдыс аяқ түрлері мен оның материалына қарай талдау жасау болып табылады. Осы тұрғыда Орталық Азия елдері мен Сібірді мекендеген түркі халықтарының археологиялық қазба жұмыстарынан табылған артефактілер мен керамика түрлері салыстырылады. Мұнда ортақ ұқсастықтар мен ерекшеліктер қарастырылады. Мақалада Орталық Азия түркі халықтарының ыдыс-аяқ пластикасының зерттелу тарихы мен оның жасалу технологиясындағы ерекшеліктерге шолу жасалып, оның ортақ ұқсастықтары классификацияланды. Сонымен қатар керамикалық ыдыстардың тұрмыста қолданылуы мен қажеттілігіне қарай әр кезде өзгеріп отырған ыдыс түрлері беріліп, оның жасалуындағы тиімді әдістердің дамыған орталықтары көрсетіледі. Оның ішінде Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан территориясынан табылған керамикалық ыдыстардың ортақ ұқсастықтары беріледі. Бұл Орталық Азия территориясындағы қалалық аймақтарда керамика өндіретін орындардың көп болғанын айғақтауға негіз болады. Мақаланы дайындау барысында археологиялық қазба жұмыстарының материалдары, этнографиялық деректер мен арнайы әдбеиеттер пайдаланыла отырып, түркі халықтарының ыдыс-аяқ дәстүрінің шығу тегі мен қолданылуы аясында жазылған зерттеулерге тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалады.