ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202410914
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бала құқығын қорғау мен олардың қауіпсіздігі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. 2024 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады. Қазақстанның жарқын болашағы ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес ұрпақтың қолында болса, сапалы адам капипталын қалыптастыру биліктің бүгінгі қолында. Мемлекет тарапынан еліміздің жарқын болашағының кепілі – балалар, жас жеткіншектердің болашағына, олардың сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуға және отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға үнемі қолдау білдіріп келеді. Мемлекет басшысы бала құқықтарына қатысты мәселелерді кезек күттірмей, шешімін табуды, бала құқықтарына қатысты заңдардың дереу күшіне енгенін талап етеді. Президент өз сөзінде, «Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастыруымыз керек» деп тапсырма берді (https://egemen.kz/article/261356-qasym-zhomart-toqaev-balalar-arasyndaghy-suitsid-pen-bullingtinh-aldyn-alu-qadge.). Мақалада бала құқықтары институтының мәні, орны мен рөлін анықтау үшін маңызды мәселелердің кең ауқымы зерттелді және де бала құқықтарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері талданды. Түйін сөздер: бала құқықтары жөніндегі уәкіл, баланың құқықтары мен міндеттері, жетім балалар, әлеуметтік жетім, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, отбасы.