Қазақ және көне түркі топонимдік жүйесінің ортақ белгілері

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-138-1-87-95
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бүгінде топонимдер еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті бағыт-бағдарберетін таңбалық қызметінен басқа үлкен қоғамдық-саяси маңызға ие болып, ұлттық,танымдық сипаттарымен алдыңғы орынға шықты. Өйткені жер-су аттары адамзатқоғамында ғана пайда болып, өмір сүріп, қызмет ететіндіктен, сол қоғамда болыпжататын өзгерістерден тыс қала алмайды. Уақыт өте бұл өзгерістер тарихқаайналады. Кешегі оқиғалар – бүгінгі күннің тарихы болып табылады. Қазақ халқының дажер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді, еліміздің тарихынөте ерте кезеңдерге дейін жетелейді. Осы себепті еліміздің басынан өткен «сан қилы»заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланыстыжер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Топонимдер халықтың тарихи ескерткіштерінің көзі болғандықтан, көне түркіденбүгінгі күнге дейінгі топонимикалық жүйенің ерекшеліктерін зерттеу, тарихиэтимологиялық талдау жасау – кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Қазақтопоникасын түркілік бірегейлік контекстінде зерттеу көшпенділер өркениетініңқайталанбас тарихи моделін жаңғыртуға, сондай-ақ, ортақ түркілік интеграциянынығайтуға мүмкіндік береді. Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі жалпы топонимдергезер салғанда, атаулар құрамындағы географиялық терминдер мен жұрнақтардықолданудағы ұқсастықтар біздің назарымызды аударды. Көне түркі тілінен бүгінгедейінгі топонимдерде сақталған жалпы тарихи ерекшеліктер осы зерттеуге алып келді.Мақалада ортақ түркілік географиялық терминдердің көне және қазіргі түркітілдеріндегі қолданысы зерделеніп, ортақ белгілері түсіндіріледі. Мақаланың мақсаты –қазақ және көне түркі тіліндегі топонимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерінанықтау, сондай-ақ түркі диалектілеріндегі топонимдердің жалпы аспектілерінанықтау. Осы себепті географиялық атаулар салыстырылып, зерттелді