Abstract
Мақаланың мақсаты – жырауларды тілдік тұлға ретінде қарастырып,олардың мәтініндегі поэтикалық-психологиялық параллелдерді танымдық тіл білімітұрғысынан зерттеу. Зерттеу барысында тілдік тұлға туралы теориялықмәліметтерге тоқталдық, тілдік тұлға танытатын 3 түрлі деңгейді қарастырдық,соның ішінде уәждік деңгей бойынша жырау қолданған поэтикалық құрылымдардыңтанымдық астарына талдау жасадық. Жыраулар тілінде жиі қолданылатынкөркемдегіш құралдардың бірі параллелизмдер екенін анықтап, олардың поэтикалықпсихологиялық сипаты бар түрлерін тілдік дерек ретінде алдық. Зерттеу нәтижесіндетөмендегідей қорытындыға келдік.Параллелизм жыраулар поэтикасында ұқсас құбылыстарды қатар қою арқылы да,қарама-қайшы құбылыстарды салғастыра беру арқылы да, кейде метафоралы тіркестерарқылы да, жеке сөздердің (заттық, сындық, қимылдық) семантикасы аясында да,тұтас тармақтар мазмұнында да көрініс береді. Параллелизм – жыраулық дәстүрдіңфилософиялық ой-толғамға, ұлттық ойлау мен талғамға, шешендік пен білімділіккенегізделген, суырып салмалылыққа тән ерекше сөз саптау машығы болып табылады.Сонымен қатар параллелизм – тек көркемдеуіш құрал ғана емес, жыраулардың тілдіктұлғасын белгілі бір ұлттық таным аясында танытатын этнотанымдық жүйе.