Әдебиеттегі детектив жанры және Кемел Тоқаев шығармашылығы

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2022-140-3-200-208
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қоғамның көлеңке жақтарын, адамның келеңсіз қырларын қылмыстық істер арқылы көрсететін детектив жанрының өзіндік тарихы мен тағылымы бар. Әлем әдебиетінде бұл жанр жан-жақты дамып, кең өріске шыққаны анық. Ал, қазақ әдебиетінде детектив жанры - бүгінгі күнге дейін зерттеле қоймаған жанр. Детективті шығармалар қазіргі таңда біздің елде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Аталған жанр біршама уақыт бойы әдебиеттану ғылымының назарынан тыс қалған көркем әдебиеттің бір саласы болып есептелінеді. Бұл мақалада қазақ әдебиетінің детектив жанрының дамуына айрықша үлес қосқан Кемел Тоқаев шығармалары негізге алынып, сюжеттік оқиғалары мен кейіпкерлер жүйесіне әдеби-теориялық талдаулар жасалады. Әрі әлем әдебиетіндегі шығармалардан айырмашылықтары мен ұқсастықтары, ерекшеліктері қарастырылып, кейіпкерлер типі, характерлері кең көлемде зерделенеді. Әсіресе, оның «Қастандық», «Солдат соғысқа кетті» шығармалары шет ел әдебиетіндегі жазушы Эдгар Аллан По, түрік жазушысы Ахмет Үміт шығармаларымен салыстырылып, әр алуан мысал-деректер келтіріледі. Жазушы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, жанрлық табиғаты дәйектеліп, қылмыскердің бағыты, іс-әрекеттері, психологиясы, жас ерекшелігі, ізкесушінің ізденістері сипатталады. Қоғамды жайлап бара жатқан қылмыстың адамға тигізер әсер-ықпалы туралы баяндалып, қаламгерлердің тақырыпты ашудағы даралық жəне ортақ стильдік белгілері анықталады. Жазушы өз шығармаларындағы келеңсіз оқиғаларды әрбір кейіпкерінің болмысы, іс-әрекеті арқылы ашып көрсетеді. Мақала авторлары тақырыпқа қатысты сыншы, ғалымдардың еңбектерінде айтылған ғылыми тұжырымдарды ескере отырып, өзідік ой пікірлерін қосады. Сонымен қатар, детектив жанрының кейбір ерекшеліктеріне тоқталып, жазушы шығармаларының ортақ тұстары, айырмашылықтары, өзіндік ерекшеліктері жайында қорытынды жасалады.