Жиембет жырау толғауларындағы көшбасшылық идея

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2023-142-1-119-125
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Жиембет Бортоғашұлының мұрасы мен жыраулық өнердің синкреттілігін анықтап, саралау мақсат етілген. Жиембет Бортоғашұлы шығармашылығын негізге ала отырып, жыраулардың тұлғалық қасиетінің көп қырлылығын анықтау да мақаламыздың негізгі зерттеу нысанына алынған. Жиембет жырау толғауларынан көрінетін көшбасшылық қасиетін жан-жақты саралап, әдеби талдау тұрғысынан тұжырымдар жасалды. Толғаулардың кезеңіне қарай айтылған тұстарына тоқталу арқылы автор бойындағы көшбасшылық қасиет зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып талданды. Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Бұқар жыраулардың шығармашылығындағы көшбасшылық идея Жиембет жыраудың да тұлғалық қасиетінде орын алған. Хандық дәуірде хандар кеңесшілерімен үнемі санасып, пікірін тыңдап, шешім қабылдайтын болған. Сол себепті жыраулардың хандық дәуірдегі рөлі орасан зор еді. Мақаламызда жыраудың тұлғалық қасиетіндегі көшбасшыға тән хан мен халықты байланыстыру, ханға оңтайлы жауап беру, шешім қабылдауға бағыттау, батырлардың ұрыс алдындағы шеберлігіне рухани тұрғыдан дем беру сынды құндылықтар көрсетіліп, кең түрде талданды. Талдау барысында жырау толғауларынан үзінділер негізінде мысалдар келтірілді. Жиембет Бортоғашұлы тұлғалық болмысының бір қыры – көшбасшылығы. Жыраудың бізге жеткен толғаулары мақаланың негізгі дереккөзі және зерттеу нысанына айналады. Есім ханға қарата айтылған толғауларынан мысалдар келтіріліп, ғылыми түйіндеулер жасалды. Ғалым-зерттеушілердің дәлелді дәйектемелері мен пікірлері басшылыққа алынып, таңдаулы еңбектерге сілтеме берілді.