Түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы және қазіргі қыпшақ жазба тілдері лексикасының зерттелу барысы

2021

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-8-21
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясының пәндіктұғырын қалыптастырудың, соның негізінде түркі тілдерінің сөз қазынасына, сөздікқорына, сөздік құрамына қатысты тұжырымдамалық ғылыми пікірлерді бір арнағатоғыстырудың маңызы өзектеледі. Түркі тілдерінің лексикалық құрамына қатыстытеориялық білімнің және қазіргі түркі тілдерінің лексикалық қорының біртұтас корпусын жасау үшін, ең алдымен, жеке тілдердің лексикология саласында қол жеткізгенжетістіктеріне лингвистикалық сараптама жасаудың қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделіп, қазақ, башқұрт, құмық тәрізді қазіргі қыпшақ тілдерінің сөз қазынасының зерттелу барысына талдау жасалады.Тіл дамуының тарихи эволюциясы барысында түркі тілдерінің қыпшақ тобына енетінтілдердің қайсы біреулері жан-жақты дамып, әдеби нормаға түсіп жетілген тілдер деңгейіне көтерілсе, енді біреулері ауыз-екі тілдік сөйленіс, қайсы біреулері белгілі бір тілдің диалектілері, тағы бірісі лингвоэкологиялық жағдайдағы жойылып, жоғалуға жақыншағын тілдер ретінде бүгінгі түркілік лингоареалда белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметтер атқаруда.Қазақ, башқұрт, құмық тілдері ‒ ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарынан бастапұлттық жазба тілдер болып қалыптасып, дамыған өзара жақын туыстық қатыстағытілдер болып саналады. Осы тілдердің әр қайсысын қазіргі қыпшақ тілдері дамуыныңқазіргі деңгейі тұрғысынан салыстыру барысында осы тілдер арасындағы лексикалық ортақтықтар мен айырмашылықтардың аражігі нақты айқындалады. Бұл бағыттағызерттеулерді қолға алу барысында қыпшақ тобы тілдерінің лексикологиясына қатысты теориялық білімнің ғана емес, сонымен қатар қыпшақтық лексикалық ортақ қордың біртұтас корпусын жасауға мүмкіндік туары сөзсіз.