ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРЫЛЫМЫН АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj.2023.v108.i4.02
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жоғары оқу орындарына оқуға келген талапкерлер қай ұлтқа, діни конфессияға, мемлекеттің азаматтығына жататындындығынан бөлек, әртүрлі субмәдениеттерге, мәдени топтарға, қалалық және ауылдық мәдениеттерге, аймақтық және отбасылық мәдениеттерге жататындығы жасырын емес. Сондай-ақ бәрімізге белгілі бүгінгі күні еліміздің жоғары оқу орындарына әлемнің түпкір-түпкірінен студенттер келіп білім алуда. Сәйкесінше олар әрқилы дін, дәстүр, мәдениет өкілдері болып табылады. Сонымен қатар олардың келген мемлекетінің құқық жүйесі де әр түрлі құқықтық жүйеге жатады. Сондықтан оларға құқықтық білім бергенде студенттің келген елінің мәдени, құқықтық ерекшеліктерін де ескеру қажет деп ойлаймыз. Тіпті өзіміздің қандас студенттердің де еліміздің мәдени, қоғамдық өміріне беймделуінде қиыншылықтар болып жатандығын күнделікті өмірден көріп жүрміз. Біз өз тарапымыздан осы мақалада құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің мәдениетаралық коммуникация құрылымын талдауға тырыстық. Оның ішінде тіл мәселесі, заңи терминдерді түсіну, құқықтық жүйеміздің ерекшеліктерімен таныстыру негізгі орын алады. Тіпті мәдениеттер арасындағы байланыстардың ушығуы адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу және дұрыстау жолында диалог құру мәселесі туындап отыр. Бұл, мәдениеттердің әрқайсысында өздеріне тән ерекше кодтың болуымен байланысты. Осының нәтижесінде бір-бірінің шынайы табиғатын түсіне алмайтын мәдени кодтардың қайшылығы туындауда. Мәдени келбеттің өзгеруімен коммуникативті жағдайдың өзі де өзгеруде және де сол адамдар арасында байланыс құруға арналған кедергілердің көбеюіне алып келуде. Мұндай жағдайда, шын мәнінде, жаһандану парадоксы пайда болады, бір жағынан, мәдениеттердің лезде таралуы мен өзара сіңісуіне, екінші жағынан, мәдениетаралық коммуникацияның даму тосқауылына ықпал етеді. Берілген зерттеу AP14872126 «ЖОО оқытушысының мәдениетаралық құзыреттілігі және оның Қазақстандағы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсері» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалған. Түйін сөздер: қарым-қатынас, мәдениетаралық қарым-қатынас, құқықтық тәрбие, мәдениетаралық байланыс, құқықтық реттеу.