Abstract
Қазіргі ақпараттық қоғам жоғары білімге жаңа талаптар қойып отыр. Бұл, өз кезегінде университеттерде жұмыс істеу барысын жаһандық өзгерістерге, яғни олардың жұмысын ұйымдастыруға және қолданылатын білім берудің технологияларына көптеген дәстүрлі көзқарастарды қайта қарау және дамыту негізінде цифрлық білім беру ортасын (ЦББО) қалыптастырып дамытуды да қажет етеді. Жұмыстың мақсаты “Индустрия 4.0” технологияларын интеграциялау негізінде ЦББО-ның құрамдас бөліктерін анықтау болып табылады. ЦББО-ның құрылымдық-мазмұндық моделі, білім беру процесін ұйымдастырудағы негізгі компоненттердің өзара байланысын көрсететін функционалдық-мақсаттық, теориялық-әдістемелік, мазмұндық-іс-әрекеттік, талдау және нәтижелік бөліктерінен тұрады. Сонымен қатар, ЦББО моделі туралы көзқарасты анықтау үшін университет қызметкерлері мен оқытушыларынан сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде жұмыста ұсынылған модельдің басшылар мен профессор-оқытушылар құрамын қанағаттандыратындығы туралы көрсеткіштер алынды. Түйін сөздер: цифрлық білім беру ортасы, “Индустрия 4.0” технологиялары, құрылымдық-мазмұндық модель, цифрлық білім беру ортасының құраушылары, интеграция. Современное информационное общество предъявляет новые требования к высшему образованию. А это, в свою очередь, приводит к глобальным изменениям условий функционирования вузов и формированию и развитию цифровой образовательной среды (ЦОС) вузов на основе пересмотра и развития многих традиционных подходов к организации их работы и прикладных образовательных технологий. Цель работы - определение структурных компонентов формирования ЦОС, основанной на интеграции технологий «Индустрия 4.0». Структурно-содержательная модель ЦОС состоит из функционально-целевого, теоретико-методологического, содержательно-процессуального, аналитико-результативного блоков, которые показывают взаимосвязь основных компонентов в организации образовательного процесса. Кроме того, был проведен опрос сотрудников и преподавателей университетов с целью определения их отношения к модели ЦОС, в результате которой были получены положительные показатели. Ключевые слова: цифровая образовательная среда, технологий “Индустрия 4.0”, структурно- содержательная модель, компоненты цифровой образовательной среды, интеграция. The modern information society makes new demands on higher education. And this, in turn, leads to global changes in the conditions for the functioning of universities and the formation and development of a digital educational environment (DEE) of universities based on the revision and development of many traditional approaches to organizing their work and applied educational technologies. The aim of the work was to determine the structural components of the formation of DEE, based on the integration of technologies "Industry 4.0". The structural-content model of DEE consists of functional-target, theoretical-methodological, content-procedural, analytical-resultative blocks, which show the relationship of the main components in the organization of the educational process. In addition, a survey was conducted of university staff and faculty to determine their attitudes towards the DEE model, which resulted in positive results. Keywords: digital educational environment, “Industry 4.0” technologies, structural and content model, digital educational environment components, integration.