Abstract
Бұл жұмыстың зерттеу пәні Шелек өзенінің қазіргі жағдайы болып табылады. Зерттеу әдістері - бақылау деректерін жүйелеу және оларды статистикалық өңдеу, гидрологиялық есептеу. Жалпы, мақалада гидрологиялық бақылау пункттері ретінде Шелек өзенінде орналасқан 2 гидрологиялық бекет қарастырылды: Малыбай ауылы тұстамасындағы және Бартоғай су қоймасындағы. Шелек өзенінің ағынының ең ұзақ бақылау кезеңі Малыбай ауылы тұстамасындағы бекет бойынша 48 жылды (1956-2018 жж.) құрады. Осы мәліметтер бойынша Шелек өзенінің және Бартоғай су қоймасының гидрологиялық сипаттамаларын анықтау есептеулері жүргізілді. Өзеннің жылдық ағынының климаттық факторлары мен есептік сипаттамалары талданды. Жылдық ағынның нормасын және статистикалық параметрлерін есептеу үшін қолда бар бақылаулар қатары пайдаланылды, бұл негізінен 48 жылды құрады. Бартоғай су қоймасының табиғи су ресурстарының ортажылдық су мөлшері 971,04 млн.м3 құрады, шаруашылық-тұрмыстық, суғару қажеттіліктері үшін вегетациялық кезеңде оны кеңінен пайдалану мен өзен ағынын маусымдық реттеуге арналған. Қарастырылып отырған бассейннің жалпы табиғи жағдайлардың алуан түрлілігі, орографиясының күрделілігі жыл ішінде өзеннің қоректенуі мен су режимінде айтарлықтай айырмашылықтардың болуын дәлелдейді. Ағынның негізгі үлесі көктем-жаз кезеңінде (наурыз-қазан) ағып өтеді және қар, мұздықтармен қоректенуді қамтамасыз етеді. Қарастырылып отырған аумақ гидрологиялық жағдайларға сәйкес таулы - ағынның қалыптасу аймағына және жазық – ағынның жоғалу және таралу аймағына бөлінген.