Жүктілікке дейінгі семіздігі бар әйелдердегі жүктіліктің нәтижелері

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.1.2023.109-115
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Өзектілігі: Жалпы халық арасында және бала туатын жастағы әйелдер арасында семіздіктің таралуы жыл сайын артып келеді. Репродуктивті жастағы әйелдердің үштен бірінен астамы артық салмақ немесе семіздікпен зардап шегеді. Артық салмақ немесе семіздік ана мен жаңа туған нәрестенің аурушаңдығын арттырады, ал семіздігі бар әйелдерде бедеуліктің жоғары деңгейі және жүктіліктің әртүрлі жағымсыз нәтижелерінің қаупі жоғары. Медициналық деректер базасына негізделген бұл зерттеу жүктілікке дейінгі семіздіктің ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайына әсерін зерттейді.Гипотеза: Семіздігі бар әйелдерде жүктіліктің әртүрлі жағымсыз салдарларының қаупі жоғары.Зерттеудің мақсаты - Жүктіліктің үшінші триместрінде және босанғаннан кейінгі кезеңде семіздіктің анаға және нәрестеге әсерін бағалау.Материалдар мен әдістерi: Клиникалық зерттеуге 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі жүктіліктің үшінші триместріндегі және босанудан кейінгі кезеңдегі 88 әйел қатысты. Жүктілік кезіндегі асқынулар мен неонатальды нәтижелер қаланың медициналық ұйымындағы тууды тіркеу журналының деректер базасын пайдалана отырып, дене салмағының индексі (ДСИ) қалыпты 18,5–24,9 кг/ м2, n = 41) жүкті әйелдерде және семіздігі бар жүкті әйел-дерде (ДСИ ≥30 кг/м2, n = 47) ретроспективті талдау жасалды. Жүктілік нәтижелері семіздік дәрежесі бойынша да салыстырмалы түрде бағаланды (ДСИ 30-34,9 кг/м2, n = 25 және ДСИ ≥35 кг/м2, n = 22).Нәтижелері: Жүктілікке дейінгі семіздікке шалдыққан әйелдерде гестациялық гипертензия (p<0,0001), преэклампсия (p< 0,0001), гестациялық қант диабеті (p<0,0001), ұрықтың иық дистоциясы (p<0,0001), индук-циялық босану (p<0,000), индукциямен босанудың әсер-сіздігі (p<0,0001), кесар тілігі (p = 0,001), ірі ұрық (p < 0,0001) ықтималдығы жоғары болды. Сонымен қатар, ол ДСИ ≥35 кг/м2 (семіздіктің екінші дәрежесінен бастап) гестациялық қант диабетінің, преэклампсияның, дисто-цияның дамуының және Апгар шкаласы бойынша ≤7 баллмен жаңа туған нәрестелердің туылу қаупінің айтарлықтай жоғары екендігіде назар аударады.Қорытынды: Жүктілікке дейінгі семіздігі бар әйелдерде семіздігі жоқ жүктілермен салыстырғанда жүктіліктің үшінші кезеңі мен босанудан кейінгі кезеңнің бірқатар асқыныстардың (гестациялық гипертензияның, преэклампсияның, гестациялық қант диабетінің, дистоцияның, босануды индукциялаудың сәтсіздігінің, ірі ұрықпен босанудың және кесір тілігі) жоғары қаупімен жүретіндігі айқындалды.