Конфликтология және «Медиация туралы» Заңы

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-142-1-237-251
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Үдемелі өзгеріп отырған әлемдегі заманауи үрдістер шиеленіс әлеуеті бар оқиғаларды өрбітуде. Бұл жалпы адамзаттың одан әрі даму мүмкіндіктерінде, сондай-ақ жекелеген мемлекеттер мен әлеуметтік топтарға елеулі әсер етеді. Әлеуметтік алауыздық, нәсілдік және этникалық төзбеушілік, террор сияқты құбылыстар көп жағдайда қайғылы әлеуметтік және ұлтаралық қақтығыстарға ұласып, бітімгершілік институтын дамыту қажеттілігін өзектендіреді. 2021 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-құқықтық институттардың, атап айтқанда медиацияның мүмкіндіктерін барынша қолдану қажеттігін атап өткен болатын. Келесі маңызды міндет ретінде Мемлекет басшысы «біздің жағдайымызда кәсіби келіссөз жүргізушілердің форматы этномедиация үшін ең тиімді болып табылатынын» атап өтті. Өткен жылдың қаңтар айындағы оқиға бірқатар әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты айқын көрсетті. Мемлекет басшысы өз баяндамасында: «Ел өзгерді, сонымен қатар қазақстандықтардың билікке, экономикалық жүйеге және жалпы өмірге деген көзқарасы да өзгерді. Ал қазір бүкіл қоғамдық құрылымды терең өзгертудің стратегиялық міндеті тұр» – деп айрықша атап өтті. Қазіргі таңда шетелдік және отандық сарапшылардың дискурстарында әлеуметтік қақтығыстардың өршуі арқылы әлемдік даму мәселелері туралы сұрақтар жиі көтеріледі. Осыны негізге ала отырып, нақты реформалар қазіргі қазақстандықтардың қауіпсіздік мүдделерін қанағаттандыруға ықпал етуі тиіс деп санаймыз. Ол үшін Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірінде бітімгершілік (медиация) институтын одан әрі қалыптастыру және жүйелеу қажет.