ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕХАНИКА ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ҮРДІСТЕРІ

2022

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-121-2-414-424
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала теміржол жүйелерінде пайдаланылатын аппаратуралардың физикалық және моральдық тозуымен, диагностика құралдарының болмауына байланысты оларды күтіп-ұстауға жұмсалатын пайдалану шығындарының артуымен, олардың істен шығу қаупінің артуымен және т. б. байланысты мәселелерді шешуге арналған. Ұзақ қызмет ету мерзімі бар ТЖАТ(темір жол автоматикасы және телемеханика) техникалық құралдарының үлкен көлемі, қолданыстағы электр орталықтандыру, автоматты бұғаттау және диспетчерлік орталықтандыру жүйелеріндегі ескі релелік аппаратураны жаңасына ауыстырудың үлкен қажеттілігі, диагностикалау құралдарының болмауы оларды күтіп-ұстауға арналған пайдалану шығындарының өсуіне алып келеді. Олардың істен шығу қаупі жыл сайын артып келеді. Релелік жүйелерді пайдалану бірқатар релелік элементтік база өндірісінен алынған нормативтік авариялық-қалпына келтіру қорының болмауына және оны қалпына келтіру мүмкін еместігіне байланысты тасымалдау процесін автоматтандырудың қазіргі заманғы деңгейін, автоматтандырылған жүйелер жұмысының диагностикасы мен мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. ТЖАТ техникалық құралдарының қазіргі құрылымы мен жай-күйі темір жол көлігін дамыту жөніндегі міндеттерді шешу кезінде тежеуші фактор болып табылады. Сондықтан соңғы жылдары сервистік орталықтарды құрумен, қашықтан мониторинг жүргізуді және ТЖАТ техникалық құралдарын тұрақты әкімшілендіруді ұйымдастырумен бірге қауіпсіздіктің көп деңгейлі жүйесін және бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін қалыптастырудың негізі ретінде интеграцияланған жүйені құру міндеттеріне толық жауап беретін ТЖАТ қазіргі заманғы микропроцессорлық жүйелерін енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді.