Abstract
Көкшетау көтерілімі геоморфологиялық жағдайы бойынша кембрийге дейінгі іргетастың шығып жатқан жерінде қалыптасқан сақиналы құрылым. Оның географиялық орны, геологиялық-тектоникалық құрылысы, бедер орографиясы экзодинамикалық үдерістердің кеңістіктегі дифференциациясына тән негізгі факторлар болып табылады.Бұл аталған үдерістер флювиалды, гравитациялық-беткейлік, көлдік, геоморфологиялық жүйелерді қалыптастырады. Зерттеліп отырған ауданға негізінен бедердің ярустылығы, биіктік белдеулердің болуы, ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстардың, сондай-ақ рекреациялық ресурстардың қалыптасуы тән. Зерттеулер нәтижесінде экзоморфогенездің негізгі үдерістерінің түрілері, даму деңгейі, қоршаған ортаға әсері, кеңістіктегі даму заңдылықтары анықталды.