Abstract
Шу өзені бассейнінің қазақстандық бөлігінде жүргізілген балық алуантүрлілігін зерттеунәтижелері. Балықтың 34-35 түрінің тіршілік ету ортасы анықталды. 20 – жергілікті балық түрлері.Бассейнде северцов талма балығы жаңа түрлердің бірі болып табылады. Теңбіл талма балық Triplophysa strauchii strauchii (Kessler, 1874), біртүсті талма балық Triplophysa labiata (Kessler, 1874) жәнеСеверцов талма балықтарының Triplophysa sewerzowii G.Nikolsky, 1938 популяциялық шығу тегіәлі күнге дейін талқылануда. Элеотрис, жыланбас – балық, теңбіл кекіре, кәдімгі алабұға, тұқы,аққайран және торта балықтарының тіршілік ету ортасы әдебиет көздерімен салыстырғандакеңейген. Оңғақ және балқаш алабұғасы зерттеуімізде кездеспеді. Шу өзенінің бассейнініңпопуляциялық саны жағынан аз каяз, жетісу гольяны, жайын және шу сүйрікқанат балықтарыныңжойылуы расталды. Мүмкін, шу шүйрікқанатының табиғи ортадағы түр астын қарастыру керек.Шу шүйрікқанаты балығы Қазақстан аумағындағы нақты түрлерінің алуантүрлілігін сақтау үшінжәне балықты қорекпен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай маңызды болып табылады. Тортабалығынан басқа барлық табиғи ареалдардағы аборигенді балықтар тіршілік ететін жерлеріменерекшеленеді және олардың санының ауытқуы маңызды болып табылады. Сондықтан да, бассейн учаскесіндегі балық алуантүрліліктерінің саны аз болуы мүмкін. Жергілікті балық түрлерініңалуантүрлілігін сақтау және оларды орнықты пайдалану аймақтың табиғи жағдайын тұрақтыбасқаруды талап етеді.Түйін сөздер: Шу өзені, ихтиофауна, жергілікті, бөгде, алуантүрлілік.