Ата-ана ұстанымдарының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.028
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу Қазақстандағы ата-аналардың отбасылық өмірге қатынасын аймақтық, отбасылық жағдай және балалар саны бойыншасалыстырмалы талдауға арналған. Зерттеуге 380 респондент қамтылып, олардың эмоциялық реакциялары, қамқорлық деңгейі, отбасына тәуелділік, ерік-жігерді басу, өзін құрбан ету, ренжітуден қорқу, отбасылық жанжал, ашулан-шақтық, ата-ана беделі және балалардыңдамуына ықпал ету факторлары өлшенді. Н Крускал-Уоллис критерийінің нәтижелері көрсеткендей, ата-ананың тұрғылықты мекені бойынша вербализация, шамадан тыс қамқорлық, отбасына тәуелділік, ерік-жігерді басу, өзін құрбан ету, ренжітуден қорқу, ашуланшақтық,ата-ананың артық беделі, агрессивтілікті басу және балалардың белсенділігін дамыту сияқты көрсеткіштерде статистикалық маңызды айырмашы-лықтар байқалды (p < .05). Сондай-ақ, отбасылық жағдай бойынша жесір және ажырасқан ата-аналарда эмоциялық бақылау, қамқорлық, агрессивтілікті басу және ата-ана беделі жоғарыла-ғаныанықталды, ал үйленбеген/тұрмыс құрмаған, бірақ қарым-қатынастағы респонденттерде бұл көрсеткіштер төмен болды. Отбасындағы балалар санының әсері де маңызды болып, көп балалы отбасыларда кейбірбақылау және өздігінен әрекет ету шектеулері байқалды, әсіресе ананың өз бетінше әрекет етпеуі және қарым-қатынастарды теңестіру аспектілерінде (p < .05). Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы отбасылық динамиканы терең түсінуге, ата-ананың тәрбие стратегияларын оңтайландыруға және психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеуге практикалық ұсыныстар береді.