КҮНГЕЙ АЛАТАУЫ ЖОТАСЫНЫҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІНДЕГІ НЕГІЗГІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫН БАҒАЛАУ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje202584313
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Күнгей Алатауы жотасының шығыс бөлігіндегі негізгі дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры мен пайдалану перспективаларын бағалауға бағытталған далалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты аймақтың табиғи популяцияларын сақтау және олардың ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу үшін жабайы дәрілік өсімдіктердің ресурстық әлеуетін зерделеу. Achillea millefolium L., Aconitum leucostomum Vorosch., Berberis sphaerocarpa Kar. & Kir.*(B. heteropoda Schrenk ex Fisch. & C.A.Mey.), Chelidonium majus L., Ephedra equisetina Bunge., Epilobium angustifolium L., Hippophae rhamnoides L., Hypericum perforatum L., H. scabrum L., Inula helenium L., Origanum vulgare L., Patrinia intermedia (Hornem.) Roem. & Schult., Polygonum nitens (Fisch. & C.A.Mey.) Petrov*(Bistorta elliptica (Willd. ex Spreng.) V.V.Petrovsky, D.F.Murray & Elven), Rosa alberti Regel, R. beggeriana Schrenk ex Fisch. & C.A.Mey., Tanacetum vulgare L., Thymus marschallianus Willd.*(Thymus pannonicus All.), Tussilago farfara L., Urtica dioica L., Valeriana turkestanica Sumnev. және Ziziphora clinopodioides Lam. секілді болашағы зор түрлер зерттелді. Бұл өсімдіктер жоғары шикізат әлеуетіне ие және болашақ фармацевтикалық және медициналық әзірлемелер үшін маңызды нысандар болып табылады. Мақалада табиғи ортаны бұзбай және популяциялардың қалпына келу қабілетін ескере отырып, ғылыми негізделген шикізат жинауға болатын әлеуетті орындар туралы мәліметтер берілген. Зерттеу нәтижелері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлеуде, дәрілік шикізатты жоспарлы жинауды ұйымдастыруда және болашағы зор түрлердің плантацияларын құруда практикалық мәнге ие. Алынған деректер бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру іс-шараларын жоспарлау және жабайы дәрілік өсімдіктердің құндылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жүргізілген зерттеулердің негізінде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді қорғау және ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді, бұл аймақтың биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелердің тұрақтылығын қолдау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін маңызды. Түйін сөздер: Флористикалық құрамы, молшылық, шикізат қорлары, таралу аймақтары