Abstract
Мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе жем өндірісінің өзіндік құны мен рентабельділігіне байланысты. Ал ауылшаруашылық өнімдері мен ауылшаруашылық техникасының бағасының алшақтығы жағдайында жемшөп құны негізінен оларды өндіруде құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарымен анықталады. Ауылшаруашылық өнімдерін алуға кететін шығындарды азайту техника ғылымына байланысты және бұл мәселені шешу бірліктердің өнімділігін (сағаттық өнім) күрт арттыру негізінде мүмкін болады. Мақала шашыраңқы шөп дайындауға арналған машина кешенінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын жинау-тасымалдау агрегатының (ЖТА) жобалау мәселелеріне арналған. ЖТА бір контурлы жүйе ретінде қарастырылады, ол іріктеуыш пен жинау камерасы бар жүк көтергіштің бірлескен жұмысы нәтижесінде қызмет етеді. Іріктеу, жүктеу және массаны жинау процестерінің математикалық модельдерін талдау ЖТА жұмыс органдарының конструкциялық элементтерін жасауға мүмкіндік береді. ЖТА технологиялық схемасының жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін оның жұмысын модельдеу жүргізілген, серіппелі саусақтары бар кенеп іріктеуіштің дестені іріктеу процесі қарастырылған, сонымен қатар осы процесс математикалық моделін талдау жасалған. Дестені кенеп іріктеуішпен іріктеу процесін зерттеу нәтижесінде ЖТА-ның агротехникалық тұрғыдан рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдығы мен серіппелі саусақтардың орналасу қадамы арасындағы байланыс анықталған. Зерттеулер көрсеткендей, саусақтардың орналасу қадамы 0,145 м болғанда валоктың үздіксіздігі шарты 8,2 км/сағ жылдамдыққа дейін қамтамасыз етіледі.