Abstract
Оқушылардың білімін тиімді бақылау әдістерін қолдану академиялық прогресті бақылау мен білім берудегі мәселелерді тауып, дамытудың құралы болып табылады. Жазбаша тесттер, емтихандар мен ауызша тексеру сияқты дәстүрлі бақылау әдістері оқушылардың білімін бақылауда әлі де өзектілікке ие. Дегенмен бүгінгі білім беруді бақылау оқушының тек теориялық білімді игергенін ғана емес, сонымен қатар қандай дағдыларды қалыптастырғанын бақылауды көздейді. Заманауи әдістерді қолдану білім алушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Пәннің ерекшеліктері мен оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу арқылы педагог тарапынан жүргізілетін бақылау заманауи бақылаудың мәнін көрсетеді. Мақалада биология пәнін оқытуда білім алушылардың білімін бақылаудың мәні, түрлері мен кейбір заманауи бақылау әдістерін қолданудың артықшы- лықтары мен кемшіліктері жайлы салыстырмалы мәліметтер берілген. Жаратылыстану пәндері қатарындағы биологияны оқытуда оқушылардың жетістіктерін бақылаудың заманауи әдістері мен ерекшеліктерін анықтауда әдебиет көздеріне талдау жүргізілді. Биология пәні бойынша білім алушылардың білім мен дағдыларына бақылау жүргізу әдістері практикалық және теориялық компоненттерді бірге қарастырады. Бақылау әдістері теориялық білімді бақылаумен ғана шектелмей, практикалық дағдылардың қалыптасуын анықтауға да бағытталады. Осы мақсатта жобалық бақылау, зертханалық жұмыс арқылы бақылау мен кейс әдісі сияқты бірқатар әдістерді қолдану арқылы оқушы бойында креативтілік, сыни ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Заманауи білім беру үрдісін технологияларсыз елестету мүмкін емес. Биология пәні бойынша автоматтандырылған технологияларды қолдану уақыт ресурсын қысқартып педагогикалық жүктемені азайтатынын көрсетті. Технологиялар, платформалар білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сай бейімделуі қазіргі заман талабына сай білім беру міндеттерін қанағат- тандыра алады. Дәстүрлі және заманауи әдістердің интеграциясы оқушылардың білімін бақылау арқылы академиялық жетістіктерді бақылау арқылы дұрыс бағалауға жол ашады. Применение эффективных методов контроля знаний учащихся является инструментом для мониторинга академического прогресса, выявления и устранения проблем в образовании. Традиционные методы контроля, такие как письменные тесты, экзамены и устные опросы, по-прежнему актуальны в оценке знаний учащихся. Однако современный контроль в образовании направлен не только на проверку теоретических знаний, но и на оценку сформированных навыков. Использование современных методов играет важную роль в повышении активности и интереса учащихся к предмету. Контроль, проводимый педагогом с учетом особенностей предмета и индивидуальных характеристик учащихся, отражает суть современного оценивания. В статье представлены сравнительные данные о значении, видах и некоторых современных методах контроля знаний учащихся при обучении биологии, а также их преимущества и недостатки. Проведен анализ литературных источников для определения современных методов и особенностей контроля достижений учащихся при обучении биологии среди естественнонаучных дисциплин. Методы контроля знаний и навыков учащихся по биологии рассматривают практические и теоретические компоненты совместно. Методы контроля направлены не только на проверку теоретических знаний, но и на определение формирования практических навыков. С этой целью предполагается развитие у учащихся креативности и критического мышления посредством использования таких методов, как проектный контроль, контроль через лабораторные работы и метод кейсов. Современный образовательный процесс невозможно представить без технологий. Применение автоматизированных технологий в обучении биологии показало сокращение временных ресурсов и снижение педагогической нагрузки. Технологии и платформы, адаптированные к индивидуальным особенностям учащихся, способны удовлетворить задачи современного образования. Интеграция традиционных и современных методов открывает путь к объективной оценке академических достижений учащихся через контроль их знаний. The application of effective methods for assessing students' knowledge serves as a tool for monitoring academic progress and identifying issues in education. Traditional assessment methods, such as written tests, exams, and oral examinations, remain relevant in evaluating students' knowledge. However, contemporary educational assessment aims not only to verify theoretical knowledge but also to evaluate the skills that have been developed. Utilizing modern methods plays a crucial role in enhancing students' engagement and interest in the subject. Assessment conducted by educators, taking into account the specifics of the subject and individual characteristics of students, reflects the essence of modern evaluation. This article provides comparative data on the significance, types, and some modern methods of assessing students' knowledge in biology education, as well as their advantages and disadvantages. A literature review was conducted to identify modern methods and features of assessing students' achievements in teaching biology among natural science disciplines. Methods for assessing students' knowledge and skills in biology consider both practical and theoretical components together. Assessment methods are aimed not only at verifying theoretical knowledge but also at determining the formation of practical skills. To this end, it is proposed to develop students' creativity and critical thinking through the use of methods such as project-based assessment, assessment through laboratory work, and the case method. The modern educational process is inconceivable without technology. The use of automated technologies in teaching biology has shown a reduction in time resources and a decrease in pedagogical workload. Technologies and platforms adapted to the individual characteristics of students can meet the tasks of modern education. The integration of traditional and modern methods paves the way for an objective evaluation of students' academic achievements through the assessment of their knowledge.