«ЗАР ЗАМАН» ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОТАРЛАНҒАН ҚАЗАҚ ОЙЫ МЕН КҮЙІНІҢ ӘРЛЕНУІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh2025116109
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Отаршылдыққа қарсы идеялық күрес жүргізген «Зар заман» ағымы халық ахуалының нашарлауы, жер мен судан айырылуы, билік жүйесінің тізгінін ұстап отырғандар тарапынан жасалған жүгенсіздік пен парақорлық, адамдардың мінез-құлқының бұзылып, моральдық азғындауы, діннің бұзылуын өз шығармаларына арқау етті. Мақалада Ы.Алтынсарин қағаз бетіне түсірген «Горе киргиза» атты шығарманың мұрағаттық толық нұсқасы талданады. Ы.Алтынсарин осы шығарма арқылы Ресей империясының әкімшілік басқару реформасының сәтсіздігін көрсетуді көздеді. Ы.Алтынсариннің жолдаған хатындағы осы мәтін, кейінгі зерттеулерде «зар заман» деген атаумен белгілі болды. «Зар заман» шығармашылығы қоғамдық ойдың көрінісі болды. Оларды халықтың ой-күйі алаңдатты, қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздеді. «Зар заман» ағымы қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің идеялық өзегі болды. Сондықтан зар заман тек әдебиеттану ғылымының зерттеу объектісі ғана емес, бұл тақырып әлеуметтік, қоғамдық-саяси ой ағымы ретінде тарихшылар тарапынан да назарға алынғаны жөн. Ресей империясының отары болған халықтарда, оның ішінде қырғыз, қарақалпақтарда зар заман ағымының философиясын, тарихын зерттеген арнайы зерттеулер бар. «Зар заман» жырлары ұлтымыздың ақыл-ойының жемісі. Бұл шығармалардың жолдары, өткенді жырласа да, болашақтың бағдарына баға беруге тырысты. Бұл шығарамаларға дәстүршіл, өткенді аңсау, түңілу, сәуегейлікке тән мәтіндердің жиынтығы ретінде баға берді. Бірақ, бұл туындылар сол заманның шынайы құбылысын бүкпесіз, ешқандай ақтаусыз, түрлендірмей әрлеуге тырысты.