СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІСІ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t78.n4.11
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада заманауи білім беру жүйесінің трансформациясы және студенттердің эмоционалдық интеллектінің (EQ) маңыздылығы қарастырылады. Білім беру үрдісінде студенттердің мобильділігін арттыру, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру және оқу жағдайларына бейімделу қабілетін дамыту маңызды болып отыр. Осы орайда, эмоционалды интеллекттің оқу және кәсіби өмірдегі рөлі ерекше атап өтілген. Эмоционалды интеллектті дамытудың қажеттілігі студенттердің стресстік жағдайларды жеңуге, қарым-қатынастарды жақсартуға және кәсіби бейімделуге көмектеседі.Мақалада эмоцияларды тану, түсіну және басқару қабілеттері бойынша бірнеше теориялар мен модельдер талданады. Д.Гоулманның, П.Саловей мен Д.Майердің, Р.Бар-Онның және Д.В.Люсинаның эмоционалды интеллекттің компоненттері мен оның адам өміріндегі маңызы туралы тұжырымдары қарастырылған. Эмоционалды интеллекттің негізінде өз эмоцияларын бақылау, эмпатия, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату және стресстік жағдайлармен күресу дағдылары жатқандығы анықталды. Зерттеу барысында жоғары оқу орындарының студенттерінің эмоционалдық интеллект деңгейі анықталды. Нәтижелер көрсеткендей, студенттердің эмоционалдық интеллектісі көбінесе орташа деңгейде, бірақ өз эмоцияларын түсіну және басқару қабілеті төмен болып шықты. Осыған орай, студенттерге арналған арнайы бағдарламалар мен тренингтер, оның ішінде арт-терапия әдістері арқылы эмоционалдық интеллектті дамыту ұсынылады.