Abstract
Қазіргікезде жастар мен балалардың құндылық бағдары қоғам дамуының негізгі көрсеткіші болып саналады. Сондықтан білім беру мен тәрбиелеуде білімнің міндеті – жаһандық сын-қатерге қарсы тұратын, ұлттық құндылықтарды оңай қабылдай және қорғай алатын азаматтарды тәрбиелеу, қоғамды құрайтын әрбір жеке тұлғанының еңбек ету қабілетін арттыру, өмір сүру деңгейін көтеру, ұлттық және адами ізгі қасиеттерін дамыту. Өзініңтіршілігін жалғастыруды мақсат еткен әрбір қоғам немесе әрбір ұлт өз ұрпағын жастайынан қоғамның наным-сенімі мен құндылықтарына сай тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл құндылықтар қоғамның әлеуметтік-мәдени элементтеріне мән беретін ең маңызды критерийлер болып табылады. Құндылықтар балалар мектеп жасына жеткенге дейін дәстүрлі әдістер арқылы отбасында, одан соң мектепте беріледі. Балалар тәрбиесінің құралы ретінде әр халықтың өткені, бүгіні, болашағы бейнеленіп, халықтың этникалық ерекшелігі, тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, діни нанымдары көрініс тапқан ертегі, аңыз, әңгімелер, жұмбақтар, халық әндері, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер және т.б. қолданылады. Қазақ халқы бала тәрбиесінде мақал-мәтелдерді жиі қолданады. Бұл зерттеуде қазақ халқының негізгі құндылықтар жиынтығының бірі болып табылатын мақал-мәтелдерге назар аударылады. Зерттеудіңмақсаты – қазақтың тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы мақал-мәтелдердің педагогикалық құндылығын зерттеу. Мақалада мақал-мәтелдердің балаларды тәрбиелеудегі функционалдығын зерттеу үшін талдау әдісі қолданылып, деректер сипаттамалық талдау арқылыұсынылды.