Терісаққан-Есіл өзендері алқабындағы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-146-1-45-66
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада 2023 жылы Терісаққан, Есіл өзендерінің алабындағы шағын аумаққа жүргізілген барлау-іздеу жұмыстарының қорытындылары берілген. Зерттеу жұмыстары Терісаққан-Есіл өзендері ағып өтетін Солтүстік Сарыарқаның бір бөлігінде атқарылды. Зерттеу ізденістері кезінде заманауи цифрлы әдістер қолданылып, ескерткіштерді зерттеуде жаңаша мүмкіндіктер қарастырылды. Ірі өзендердің алабында жүргізілген барлау-іздеу жұмыстары 800 км2 аумақты құрады. Зерттеу жұмысының нәтижелері барысында 70 - ке жуық ескерткіш табылды. Ескерткіштердің негізгі бөлігі ерте темір дәуірінің нысандарына қатысты. Барлау жұмыстары негізінен 2 бағытты: көне заман және этнографиялық кезең ескерткіштерін қамтыды. Бұрын зерттелген ескерткіштерді тарихи-салыстырмалы тұрғыда қарастыру арқылы тарихи талдаулар жасалды. Сарыоба, Баубек батыр тәрізді ірі элитарлы обалармен қатар, шағын жерлеу орындары көптеп табылды. Жерлеу орындарының барлығы су көздері мол жерге жақындау, жазықтау жерде орналасқан. Тас тізбекті обалар биіктеу, ашық жерге салынған. Этнографиялық кезеңге жататын ескерткіштер екі бағытта: қазақ қыстаулары және мазарлар, қорымдар түрінде қарастырылды. Қазақ қыстаулары көбінесе өзеннің бойындағы мүйісте орналасқан. Саман кірпіштен қаланған құрылыстардың басым көпшілігінде тастан салынған іргетастың болмау фактілері кездесті. Қыстаудың бір бөлігіне шағын қазба-шурф салынды. Шурфтан табылған заттық айғақтар бойынша ескерткіштер этнографиялық кезеңге тән. Жерлеу орындары мазар және қарапайым жерлеу орындары түрінде келеді. Элитарлы жерлеу нысаны ретінде салынған тас мазарлар жергілікті архитектуралық құрылыстан мәлімет береді. Ескерткіштер типология мен хронологиясы жағынан жүйеленіп, тиісті мәліметтер алынды. Ерте темір дәуірі нысандарының өлшемдері бойынша кесте жасалып, статистикалық көрсеткіштері берілді. Қос өзеннің алабында орналасқан археологиялық ескерткіштерін іздеу, тіркеу жұмыстары Солтүстік Сарыарқаның археологиясын зерттеудегі айрықша маңызға ие ғылыми зерттеулер түрінде қарастырылады.