Abstract
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қос сөздер құрамында және диалектілер,ауыз әдебиеті үлгілері мен жекелеген көркем әдеби шығармаларда сақталып, қазақ тілінде жеке-дарақолданыла бермейтін мағынасы түсініксіз сөздер баршылық. Ұлы ақын Абай шығармаларында даескіліктер көптеп кездеседі. Мақалада Абай өлеңдері мен қара сөздерінде кездесетін көмескі сөздермен көнеліктерге талдаулар жасалып, мағынасына нақты түсініктемелер берілген.Абай тіліндегі көнерген сөздердің түп-төркінін, мағынасын түсіне білу үшін тарихысалыстырмалы әдіс арқылы қазіргі түркі тілдері және көне түркі ескерткіштері материалдарынажүгіну керектігі белгілі. Мақалада ақын шығармаларындағы ескіліктер тарихи-салыстырмалыәдіс негізінде түркі лексикасымен салыстырып көрсетілді. Әр мысалға егжей-тегжейлі тоқталып,этимологияға қатысты дәлелдер түркі тілдерінен дерекөзбен бірге берілді. Осылайша Абайқолданған көнерген сөздердің шығу тегі анықталып, мағыналары ашылды.