Abstract
Мақала Алматы облысының шаруашылықтарының сыртқы орта объектілерінен жиналған сынамалардан (топырақ, су, қи және мурын мен ауыз қуысынан алынған жағындылар) оқшауланған Streptococcus equi бактериофагтарының жаңа изоляттарының морфологиясы, литикалық белсенділігін, сондай-ақ оларға жоғары температураның, хлороформның және центрифугалау режимдерінің әсерін зерттеуге арналған. Оқшауланған бактериофагтар әр түрлі литикалық белсенділікті көрсетті. Aппельман әдісі бойынша 10-5-тен 10-8-ге дейін және Грация әдісі 2 х 108-ден 9 х 108 БТБ /мл болса, Отто әдісі бойынша бөлінген фагтар тек қана Streptococcus equi-ге телімді екені анықталды. Зерттелетін бактериофагтар 60оС температурада 30 минут бойы өңдеуге және 1:10 қатынасында хлороформмен 40 минут өңдеуге төзімді екені анықталса, өсіру уақыты 18-20 сағат, центрифулау арқылы тазарту режімі 4000 айн/мин 20 минутты құрады. Кешенді зерттеліп жатқан бактериофагтардың морфологиялық қасиеттерін анықтау мақсатында электронды микроскопия әдісі қолданылды. Аталмыш зерттеу JEM 100 CX JEOL микроскопы арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде қоршаған ортадан оқшауланған бактериофагтардың өлшемі 1-4 нм құрайтыны анықталды. Әрмен қарай бактериофагтар сақау аурыуын емдейтін препарат әзірлеу мақсатында қосымша зерттеулер жүргізіліп сарапталатын болады.