Abstract
Бұл мақалада қара сексеуіл көшеттеріне фенологиялық бақылау жүргізу нәтижелері ұсынылған. 2018 – 2020 жылдары 6 тәжірибелік учаске салынған аумақ Жамбыл облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорына қарайды. Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орман қоры аумағының жалпы ауданы 419,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 269,7 мың га орманмен қамтылған. Аумақ негізінен 300-600 м абсолютті биіктікте жатқан шөлдер деп есептеледі. Зерттелетін аумақтың климаттық ерекшеліктері – өте ұзақ ыстық, құрғақ жаз, суық қыс және 900-ге жететін абсолютті жылдық температура амплитудасын көрететін өткір континентальдылық. Ауаның орташа жылдық температурасы-5-9,80 шегінде. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері аз және 81-170 мм аралығында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 12 см-ден аспайды. Аймақ салыстырмалы ылғалдылықтың өте төмен болуымен сипатталады, ол 40%-ды құрайды. Жамбыл облысының аумағындағы құмдар үлкен аумақты алып жатыр. Рельефтің сипаты бойынша құмдар жазық, бұдырлы, жоталы-бұдырлы және барханды болып бөлінеді. Құрғақ аймақтың қатаң климаттық жағдайлары қара сексеуіл алқаағаштарындағы бірқатар биологиялық ерекшеліктерді анықтайды. Сондықтан жасанды екпелердің өсуі мен жай-күйін зерттеу ерекше практикалық маңызға ие.